Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысы "алдағы 2-3 апта ішінде" аяқталуы мүмкін. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп 1 сәуірде Ақ үйде журналистермен кездесуінде мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DW мәліметіне сілтеме жасап.
АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысы "алдағы 2-3 апта ішінде" аяқталуы мүмкін. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп 1 сәуірде Ақ үйде журналистермен кездесуінде мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DW мәліметіне сілтеме жасап.
Трамптың айтуынша, Тегеранмен келісім жасалмаса да, Иранға жасалатын шабуылдар тоқтатылады.
"Оларда режим ауысты. Бұл менің жоспарымда болған жоқ. Менің бір ғана мақсатым болды – оларда ядролық қарудың пайда болуына жол бермеу, бұл мақсат орындалды... Біз жұмысты аяқтап жатырмыз, меніңше, бұған екі аптадай, бәлкім, тағы бірнеше күн уақыт кетер. Бірақ біз оларда бардың бәрін жойғымыз келеді", - деді Ақ үй басшысы.
АҚШ президенті келісімге келсе, соғыстың ертерек аяқталуы мүмкін екенін жоққа шығармады. Оның айтуынша, Иран билігі мұны "қатты қалайды". Дегенмен Трамп жалпы алғанда келісімнің жасалу-жасалмауының "еш маңызы жоқ" екенін атап өтті.
Трамп Иранның Ормуз бұғазын, соның ішінде еуропалық кемелер үшін бұғаттауы АҚШ-тың емес, басқа елдердің мәселесі болуы тиіс екенін айтты.
"Егер Франция немесе басқа бір ел мұнай немесе газ алғысы келсе, олар Ормуз бұғазы арқылы өтіп, өздеріне өздері қамқорлық жасай алады. Бұғазда болып жатқан жайттардың бізге қатысы жоқ", - деді ол.
АҚШ президенті Таяу Шығыстағы соғыстың басталуы мен Ормуз бұғазының бұғатталуынан туындаған мұнай бағасының 50 пайызға күрт өсуіне қатысты түсініктеме берді. Трамп АҚШ Иранға шабуыл жасауды "өте жақын арада" тоқтатқан бойда "баға күрт төмендейді" деп есептейді.