Arasha.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның «толықтай жеңілгенін және келісім жасағысы келетінін» мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.
Бұл туралы Америка лидері Truth Social әлеуметтік желісінде жазды.
«Жалған жаңалықтар тарататын БАҚ өкілдері АҚШ Қарулы Күштерінің Иранға қарсы қаншалықты табысты әрекет еткенін хабарлауды жек көреді. Иран қазір толықтай жеңілді және мәмілеге келгісі келеді. Бірақ мен қабылдайтын мәмілеге емес!» - деп атап өтті Трамп.
Бұған дейін жарияланған тағы бір жазбасында АҚШ президенті Иранның бүкіл Таяу Шығысты басып алып, Израильді толығымен жою жоспары болғанын алға тартты.
«Иранның өзі сияқты, бұл жоспарлар да енді келмеске кетті!» - деп жазды Америка басшысы.