Трамп Иранның жоғары жетекшісі Әли Хаменейдің қаза тапқанын хабарлады

01.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

— Хаменей — тарихтағы ең қатігез адамдардың бірі, ол қаза тапты. Бұл тек Иран халқына әділеттілік қана емес, сонымен бірге Хаменей мен оның қанішер тобы өлтірген немесе мүгедек еткен барлық ұлы америкалық пен әлемнің көптеген еліндегі адамдарға да әділеттілік болды, — деп жазды АҚШ президенті.

Сондай-ақ ол бұл жағдай Иран халқы үшін өз елін қайтару жолындағы жалғыз мүмкіндік екенін атап өтті.

Бұған дейін біз хабарлағанымыздай, Иранның жоғары жетекшісінің қаза болғаны туралы ақпарат Израиль шенеуніктеріне сілтеме жасап тараған, бірақ Тегеран тарапынан ресми растаған жоқ.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью