Трамп Киевтің Starlink ке қатысты өтінішін қолдамады БАҚ

21.08.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

АСТАНА, 21 тамыз – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп Киевтің Starlink байланысы бар дрондарды Ресей аумағына соққы жасау үшін пайдалануға рұқсат беру туралы өтінішін мақұлдамады. Бұл туралы Financial Times басылымы өз дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлады.

"Зеленский Трамптан Илoн Маскпен Украинаға Starlink-ті өз шекарасынан тыс жерде пайдалануға рұқсат алу мәселесін талқылауды сұрады. Алайда Ақ үйде өткен кездесуге қатысқандардың айтуынша, Трамп бұл ұсынысқа нақты жауап бермеген және оны қолдамаған сыңай танытқан", - деп жазылған материалда.

Тамыз айының басында The Atlantic журналы да SpaceX компаниясы басшысының спутниктік технологияларды осындай мақсаттарда пайдалануға құлықсыз екенін хабарлаған. Миллиардер қақтығыстың одан әрі ушығып кетуінен қауіптенеді.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью