Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Бұл туралы америкалық көшбасшы NBC News арнасына берген сұхбатында мәлімдеді, оның үзінділерін Ақ үйдің баспасөз қызметі X әлеуметтік желісінде жариялады.
— Мен бұл туралы алаңдаймын, бірақ мұны ойымнан шығаруым керек, әйтпесе менің жұмыс істеуім мүмкін емес, — деді америкалық көшбасшы.
Айта кетейік, Трамп 2024 жылы екі рет қастандық жасау әрекетінен аман қалған болатын. Біріншісі шілде айында Пенсильваниядағы сайлауалды науқанында болған — снайпердің оғы оның құлағын жанап өткен. Екінші оқиға оның Флоридадағы Мар-а-Лаго резиденциясының жанында болды.
Осыған дейін Дональд Трамп Гарвардтан 1 млрд доллар көлемінде өтемақы талап еткені туралы жаздық.