Трамп пен Зеленский Флоридадағы кездесуде қандай келісімдерге қол жеткізді?

29.12.2025

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ басшысы Дональд Трамппен бейбітшілік жоспары бойынша келіссөздер жүргізу үшін Флоридаға барды. Жабық форматта өткен келіссөз шамамен екі сағатқа созылған. Келіссөз барысында Еуропалық лидерлер және Владимир Путинмен бір мезгілде байланыс орнатылған, деп жазады Egemen.kz.

Фото: x.com/ZelenskyyUa

Маңызды кездесуден кейін Владимир Зеленский мен Дональд Трамп баспасөз жиынын өткізіп, келіссөз барысында Донбасс мәселесі шешімін таппағанын мәлімдеді. Десе де Ақ үй басшысы оң нәтижеге жетуге жақындай түскенін айтты.

«Бұл мәселе әлі шешілген жоқ. Бірақ біз шешімге келуге әлдеқайда жақындай түстік. Бұл өте күрделі мәселе. Дегенмен мен оны шешетінімізге сенімдімін», деді Трамп.

Трамптың сөзінше, мәселеге нүкте қою үшін 1–2 ғана сұрақтың шешімін табу керек. Сондай-ақ ол Ресей–Украина арасындағы соғысты тоқтауға мүмкіндік берсе, Украинаға баруға да әзір екенін атап өтті. 

Ал Зеленский аталған келіссөз аясында көтерілген мәселенің 90%-ы шешімін тауып, қауіпсіздік кепілдігі жөніндегі сұрақ толық шешімін тапқанын жеткізді. Еуропа әлі де Украина қауіпсіздігінің басым жүгін өз жауапкершілігіне алып отырғанын айта кеткен жөн.

Украинаға қандай қауіпсіздік кепілдігі берілуі мүмкін?

Украина перзиденті келісімнің кей тармақтары бойынша референдум өткізуге қарсы емес екеніне назар аударды.

Трамп бейбіт келісімге келу процесі созылған сайын Украина бұдан да көп аумақтан айырылуы мүмкін екенін де ескертті.

«Украинаның қазір мәміле жасаған дұрыс, әйтпесе олар көбірек аумағы мен адамдарынан айырылады», деді Трамп.

Келіссөз барысында АҚШ тарапынан Рубио, Хегсет, Виткофф, Кушнер және генерал Кейн Украина бойынша жұмыс тобына қосылған. Олар бейбіт келісімге келу мақсатында Ресеймен жұмыс істейтін болады.

Баспасөз барысында Трамп келіссөзге дейін Ресей президенті В.Путинмен бір сағаттан астам телефон арқылы сөйлескенін хабарлады. Ақ үй басшысы әңгімелесу барысында Ресей басшысы Украинаны қалпына келтіруге көмектесетінін айтқанын мәлімдеп, Путиннің бұл қадамын «жомарт қадам» деп бағалады. 

 Бұған дейін АҚШ өкілдері Ресейге барып, Кремльде 5 сағатқа жуық бейбітшілік жоспарын талқылаған еді. 

Ал Зеленский елде сайлау өткізуге дайын екендігін  мәлімдеген болатын.

Соңғы жаңалықтар

Көкшетауда жаңа көпбейінді аурухана салынып жатыр

Аймақтар • Бүгін, 13:46

Брижит Бардо 91 жасына қараған шағында өмірден озды

Оқиға • Бүгін, 13:30

Трамп пен Зеленский Флоридадағы кездесуде қандай келісімдерге қол жеткізді?

Әлем • Бүгін, 13:15

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Астана мен Алматыда қандай іс-шаралар өтеді?

Елорда • Бүгін, 13:00

Ел экономикасына тартылған инвестиция 6 млрд долларға жетті

Экономика • Бүгін, 12:52

Футзалдан Қазақстан кубогінің иегері анықталды

Футбол • Бүгін, 12:50

Ақтауда түнде автокөлік өртенді

Төтенше жағдай • Бүгін, 12:43

Атырау облысында жыл ішінде санавиациямен 243 науқасқа көмек көрсетілген

Аймақтар • Бүгін, 12:35

Биыл рақымшылық жасау заңы аясында 338 адам жазадан босатылды

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:32

Алматы облысында жаңа клиника жұмысын бастады

Медицина • Бүгін, 12:25

Қазақстан халқы Ассамблеясын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы бекітілді

Президент • Бүгін, 12:16

Ауруханадағы 1040 қызметкердің жалақысы төленбеген

Қоғам • Бүгін, 12:11

БҚО-да биыл 6 мектеп күрделі жөндеуден өтті

Аймақтар • Бүгін, 12:00

«Қайрат» Анарбековты сата ма? Клубтың соңғы шешімі белгілі болды

Спорт • Бүгін, 11:53

Криштиану Роналду 1000 гол межесіне жете ала ма?

Футбол • Бүгін, 11:42

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью