Трамп Путинмен қашан кездесуі мүмкін екенін айтты

03.09.2026

Sputnik.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

АСТАНА, 3 қыркүйек – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп Украинадағы қақтығыс аяқталған кезде Ресей президенті Владимир Путинмен жаңа саммит өткізуге үміттенетінін айтты, деп хабарлады РИА Новости.

"Мен Путинмен тап қазір кездесе алатыныма сенімдімін. Мен қақтығыс аяқталған кезде кездескім келеді және біз солай істейміз деп ойлаймын", - деді Трамп тілшілерге берген сұхбатында.

АҚШ президенті Владимир Путинмен де, Владимир Зеленскиймен де арада тұрақты диалог бар екенін айтты.

"Мен екеуімен де, яғни Путин мен де, Зеленскиймен де жұмыс істеп жатырмын және олар мұны Украинадағы қақтығысты тоқтатады деп ойлаймын", - деді Трамп.

Дональд Трамп АҚШ Ресеймен, Украинамен, барлық елмен жақсы қарым-қатынас орнатуға мүдделі екенін, себебі бұл бизнес үшін пайдалы болатынын айтты.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью