Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
АСТАНА, 27 наурыз – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей мен Украина арасында атысты тоқтату туралы келісімге мүмкіндігінше тезірек қол жеткізуді көздейді, деп мәлімдеді АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио жұма күні.
"Бүгін G7 саммитінде мен президент Трамптың атысты тоқтатуға және Ресей-Украина қақтығысын мүмкіндігінше тезірек келіссөздер арқылы шешуге деген мұстанымын тағы да растадым", - деп жазды Рубио әлеуметтік желіде.
Мемлекеттік хатшы бұған дейін Мәскеудің Иранға қолдау көрсету деңгейі туралы сұраққа жауап бере келе, Ресей қазір ең алдымен Украинадағы қақтығысқа басымдық беріп отырғанын мәлімдеді.
Сонымен қатар ол АҚШ президенті Дональд Трамп Украинадағы қақтығыстың неге әлі күнге аяқталмай жатқанын түсінбей отырғанын хабарлаған болатын.
Оның айтуынша, Трамп Мәскеу мен Киевтің қақтығысын тоқтату үшін көп жұмыс атқарған.