Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
АСТАНА, 25 қазан – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейге қарсы енгізген санкцияларының "өте күшті" екенін айтты, деп хабарлады РИА Новости.
"Біз Ресейге қарсы өте маңызды санкциялар салдық, менің ойымша, олар өте күшті санкциялар", - деді Трамп Азияға бара жатқан Air Force One бортында, Ақ үйдің хабарлауынша.
Америка көшбасшысы санкциялардың Ресей экономикасына әсері болады деп санайды.
"Ресей президенті Владимир Путин санкциялардың көп әсер етпейтінін айтады. Білмеймін, оның бұлай айтқаны дұрыс емес деп ойлаймын", - деді Трамп.
Бұған дейін АҚШ президенті Украинадағы жағдайға байланысты "Лукойл" мен "Роснефть" компанияларына қарсы санкциялар салған болатын. Бұл АҚШ билігіне жаңа әкімшілік келгеннен бері енгізілген алғашқы санкциялар болды.