Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
АСТАНА, 20 ақпан – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп Украинадағы жалғасып жатқан қақтығысқа байланысты Ресейге қарсы санкцияларды тағы бір жылға ұзартты.
Бұл АҚШ Федералдық тізілімінде жарияланған, жұма күні ресми түрде жарияланатын атқарушы бұйрықтың мәтінінде көрсетілген, деп хабарлайды РИА Новости.
"Мен елдегі ұлттық төтенше жағдай режимін (Украинадағы төтенше жағдайға байланысты – Sputnik) бір жылға ұзартамын", - делінген бұйрықта.
Бұйрықта Украинадағы қақтығыс салдарынан жалғасып жатқан төтенше жағдайға байланысты Ресейге қарсы санкциялар күшінде қалатыны айтылған.
Құжатта Вашингтон Украинадағы қақтығысты АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігі мен сыртқы саясатына "ерекше және төтенше қауіп" ретінде қарастыруды жалғастырып жатқаны көрсетілген.