Трамп резиденциясының маңында апатқа ұшыраған ұшақтың екінші ұшқышы 20 жастағы бойжеткен болған

03.11.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Жексенбіде Флориданың оңтүстігінде, АҚШ президенті Дональд Трамптың резиденциясынан бірнеше шақырым жерде апатқа ұшыраған Learjet бизнес-джетінің екінші ұшқышы мектепте оқып жүргенде-ақ ұшқыш лицензиясын алған 20 жастағы Наталия Фильгейрас екені белгілі болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The New York Post басылымына сілтеме жасап.

Қыздың отбасы басылымға Фильгейрастың тоғыз ай бойы коммерциялық ұшқыш болып жұмыс істегенін және оның 1 300 сағаттық ұшу тәжірибесі болғанын растады. Қаңтар айында ол 21 жасқа толар еді.

Екінші ұшқыштың туысы апаттан 10 минут бұрын Фильгейрастың жігітіне "турбуленттілік пен мұздану" туралы қысқаша хабарлама жібергенін айтты.

Бұған дейін Наталия Фильгейрас 2023 жылдың қазанында, 17 жасында жүргізуші куәлігін алмай тұрып, жеке ұшқыш лицензиясына ие болып, жұртшылықтың назарын аударған болатын.

@itsnatfilg/Threads

Learjet 60 ұшағы Техас штатындағы Остин-Бергстром халықаралық әуежайынан Багам аралдарындағы Норт-Эльютера әуежайына бағыт алған. Ұшу кезінде әуе кемесі Крестхейвен маңындағы тұрғын ауданда апатқа ұшырады. Бортта болған тоғыз адамның бәрі қаза тапты.

Jose L. Roldan Cordero/Jetphotos

Әлеуметтік желілерде пайда болған бірнеше бейнежазбада ұшақтың үлкен жылдамдықпен тік бағытта жерге соғылғаны көрінеді. Соқтығысу салдарынан жойқын жарылыс болып, адам көп жүретін жолдың жанында лаулаған шұңқыр пайда болған.

Апат алдында диспетчерлермен болған сөйлесулер жазбасында экипаждың орташа турбуленттілік пен ұшақтың мұздануы туралы хабарлағаны тіркелген.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью