Arasha.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
АҚШ-тың президенті Дональд Трамп Иран астанасы Тегеранға жасалған түнгі шабуылдардың видеосын жариялады, деп хабарлайды Arasha.kz.
Америкалық көшбасшы видеоны өзінің Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында бөліскен.
"Нашар әрі орынсыз шешімдер қабылдаған Иранның көптеген әскери басшылары жойылды. Сонымен қатар, Тегеранға жасалған бұл ауқымды соққы нәтижесінде басқа да маңызды нысандар қиратылды", – деп жазды Трамп.
Ақпарат көздерінің мәліметінше, АҚШ пен Израиль 28 ақпаннан бастап Иран аумағына әуе соққыларын жасауда. Бұл шабуылдардың салдарынан Иранның жоғарғы діни жетекшісі Әли Хаменей мен бірқатар жоғары лауазымды тұлғалар, күштік құрылым өкілдері қаза тапқаны хабарланды.
Өз кезегінде Иран жауап ретінде Израильге және Парсы шығанағы елдеріне зымырандар мен дрондар арқылы соққы жасауда. Ислам Республикасы бұл әрекеттерін аймақта орналасқан америкалық әскери базаларға қарсы бағытталған шабуылдар деп түсіндіреді.