Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
АСТАНА, 8 маусым – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша делдал ретінде Иерусалим патриархы Феофил III-тің кандидатурасын қолдады. Бұл туралы Израильдің Ynet жаңалықтар порталы хабарлады.
Порталдың мәліметінше, Иерусалим патриархы Феофил III Вашингтонға 4 маусымда барған. 40 минутқа созылған кездесуде олар Қасиетті жерде мұсылмандар мен христиандардың діни орындарға қолжетімділігі және діни рәсімдерді орындауға қатысты шектеулер мәселесін талқылады.
"АҚШ президенті Дональд Трамп Иерусалим патриархы Феофил III-тің Ресей мен Украина арасындағы бітімге қол жеткізу жөніндегі келіссөздерде делдал болуына келісім берді", – деп хабарлады портал дереккөздерге сілтеме жасап.
Сондай-ақ бұл бастама аясында патриархтың маусым айында Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуі мүмкін екені айтылған. Феофил III православ әлемінде беделді тұлға ретінде танылып, дипломатиялық және гуманитарлық бастамаларға қатысқан.