Трамп Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша Си Цзиньпинмен бірлесіп жұмыс істейтінін айтты

30.10.2025

Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

АСТАНА, 30 қазан – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен Украинадағы келісім бойынша жұмыс істейтінін мәлімдеді, деп хабарлады РИА Новости.

"Ресейдің Украинамен арадағы қақтығысын шешуге тырысу үшін Біз Қытай көшбасшысымен бірлесіп жұмыс істейміз", - деді Трамп қытайлық әріптесімен келіссөздерден кейін ұшақ бортында журналистерге.

Дегенмен Трамп Украина дағдарысын шешудің болашағы туралы айта отырып, кейде екі тараптың соғысуына жол берген жөн екенін мәлімдеді.

"Біз екі тараптың арасында соғыс қимылдары жүріп жатқанын мойындаймыз. Кейде олардың соғысуына жол беру керек", - деді Трамп.

Ресей президенті Владимир Путин Украина дағдарысын ұзақ мерзімді шешу үшін оның түпкі себептерін жою қажет екенін бірнеше рет мәлімдеген.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью