Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
АСТАНА, 1 қараша – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп Украинадағы қақтығысты реттеу жөніндегі келісімге қол қоюға жақындап қалғандарын мәлімдеді. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
"Менің ойымша, біз келісімге қол қоюға өте жақын қалдық", – деді Трамп блогер Бенни Джонсонға берген сұхбатында.
Ол бұл пікірін желтоқсан айында өтетін G20 саммитіне дейін келісімге қол жеткізу мүмкіндігі туралы қойылған сұраққа жауап ретінде айтты.
"Менің ойымша, бұл мәселені шешу мүмкіндігіміз өте жоғары", – деді АҚШ президенті.
Қазан айының басында Ресей мен АҚШ президенттері Владимир Путин мен Дональд Трамп телефон арқылы сөйлесіп, Украинадағы қақтығысты реттеу және экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылаған болатын.
Сондай-ақ Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков Путин, Трамп және ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтетін АТЭС саммиті аясындағы болашақ кездесуін ұйымдастыру және оған дайындық жұмыстары басталғанын хабарлаған еді.
2025 жылдың жазында Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамп Анкоридж қаласында келіссөздер жүргізді. Кездесу барысында көшбасшылар Украинадағы қақтығысты реттеу жолдарын талқылады.