Трамп Вашингтондағы атыстан кейін күдіктінің видеосын жариялады

26.04.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтондағы атыстан кейін видео жариялап, қабылдау өткен қонақүйдің тексеру аймағына қарулы адам басып кірмек болғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтондағы атыстан кейін видео жариялап, қабылдау өткен қонақүйдің тексеру аймағына қарулы адам басып кірмек болғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақ үйде журналистер алдында сөйлеген ол әлеуметтік желілерде өзі "қатыгез қылмыскер" деп атаған күдіктінің кадрларын жариялағанын айтты.

Сонымен қатар, ол ұсталған адамның суретін жариялады.

ОБСУЖДАЕТСЯ СЕЙЧАС

Қызылордадағы жол апаты: марқұмның отбасы Lexus жүргізушісі кінәлі болуы мүмкін екенін мәлімдеді

30 наурыз 15:27 1

“Өкінемін, кінәлімін“: Қостанайда полицейге шабуыл жасағандар кешірім сұрады

02 сәуір 14:44 1

Қазақстанның Халық жазушысы Мұхтар Шаханов өмірден өтті

19 сәуір 22:47 1

Кейін Трамп оқиғаның мән-жайын егжей-тегжейлі баяндап берді. Оның айтуынша, Вашингтондағы қонақүйде өтіп жатқан Корреспонденттер қауымдастығының кешкі асы кезінде қарулы ер адам бақылау-өткізу пунктіне қарай ұмтылған. Трамп бұл жағдайдың "мүлдем тосыннан" болғанын, бірақ Құпия қызмет пен құқық қорғау органдары жедел әрекет еткенін түсіндірді.

Қарулы ада оған жақындамаған және басты бал залының кіреберісінен өте алмаған.

"Оны Құпия қызметтің өте батыл қызметкерлері құрықтады және олар өте жылдам қимылдады", - деді Ақ үй басшысы.

Ақ үй басшысы офицерлердің бірі жақын қашықтан атылған оқтан жараланғанын, алайда оны оқ өткізбейтін кеудеше құтқарып қалғанын айтты.

"Мен жаңа ғана офицермен сөйлестім, оның жағдайы өте жақсы", - деді Америка лидері.

Еске салайық, Трамп Вашингтон Хилтон қонақүйінде өткен Ақ үй жанындағы Корреспонденттер қауымдастығының кешкі асына АҚШ президенті ретінде алғаш рет қатысты.

БАҚ оны, бірінші ханымды және әкімшіліктің басқа да жоғары лауазымды өкілдерін эвакуациялағанын хабарлады.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью