Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
– Мария Мачадо келесі аптада келеді және мен оны асыға күтемін, - деді Трамп.
Бұған дейін өткен жылы Нобель бейбітшілік сыйлығын жеңіп алған Мачадо Трамптың да бұл марапатқа лайық екенін мәлімдеген.
Fox News жүргізушісі Шон Хэннити Трамптан Мачадо оған Нобель бейбітшілік сыйлығын ұсынса, оны қабылдай ма деп сұрады. Оған АҚШ президенті: «Мен оның мұны істегісі келетінін естідім. Бұл үлкен құрмет болар еді», - деп жауап берді Трамп.
Бұған дейін Мачадо Нобель бейбітшілік сыйлығын Трамппен бөліскісі келетінін мәлімдеген.