Трамп Венесуэланы АҚШ құрамына қосуды ұсынды

28.10.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

АҚШ президенті Дональд Трамп Венесуэланы Америка Құрама Штаттарының құрамына 51-ші штат ретінде қосуды, ал ел президентінің орнына губернатор сайлауды ұсынды. Бұл туралы ол Техастағы сайлауалды сөзінде мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz РБК сайтына сілтеме жасап.

"Мүмкін, бір күні, жақын арада ол гүлденген 51-ші штатқа айналар. Бұл мүмкін нәрсе. Солай жасайық. Оны 51-ші штат етейік, сонда президенттің орнына губернатор сайлауын өткіземіз. Бұған қалай қарайсыз? Түсінесіз бе?" - деді Трамп.

Мамырда Америка көшбасшысы Венесуэланы АҚШ-тың 51-ші штаты ету мүмкіндігін байыппен қарастырып жатқанын айтқан болатын. Ол бұл қызығушылығын елдегі қомақты мұнай қорларымен түсіндірді.

Венесуэла президентінің міндетін атқарушы Делси Родригес сол кезде бұл идеяны теріске шығарып, елдің өз тәуелсіздігін, егемендігін және аумақтық тұтастығын қорғауға ниетті екенін мәлімдеді.

"Венесуэла колония емес, азат ел", - деді ол.

2026 жылдың қаңтарында АҚШ әскерилері Венесуэла президенті Николас Мадуро мен оның жұбайын қолға түсірді. Осыдан кейін мемлекет басшысының міндеттері Родригеске өтті. Мадуро АҚШ-та, оған есірткі трафигіне қатысты айыптар тағылған.

Қазан басында Венесуэла оппозициясының көшбасшысы және Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты Мария Корина Мачадо келесі жылы елде сайлау өткізуге шақырды.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью