Трамп: Зеленскиймен келісімге келу Путинге қарағанда әлдеқайда қиын

15.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Трамп бұл пікірін бірнеше еуропалық көшбасшының Ресей мұнайына қарсы санкцияларды уақытша тоқтату туралы шешіміне күмән келтірген сынына жауап беру барысында білдірді.

АҚШ Иранға қарсы әскери операция басталғаннан кейін күрт қымбаттап кеткен энергия тасымалдаушыларының бағасын төмендету мақсатында танкерлерде тұрған ресейлік мұнайды сатуға рұқсат берген.

Ақ үй басшысы «әлемге тек мұнай бергім келеді» деп мәлімдеді. 

– Маған мұнай керек. Дағдарыс аяқталғаннан кейін санкциялар бірден қайта енгізіледі, — деді ол.

Осыдан кейін Трамп Украина президентін сынға алды.

– Зеленскийдің келісім жасағысы келмейтініне таңғаламын. Зеленскийге айтыңдар, келісімге барсын, өйткені Путин мұндай қадамға дайын, — деді ол.

Қазіргі уақытта Ресей Украина әскерін Донбасс аумағынан толық шығаруды талап етуді жалғастырып отыр. Ал Украина бұл талапты қабылдауға болмайтын шарт деп санайды.

АҚШ, Ресей және Украина қатысуымен өтеді деп жоспарланған үшжақты бейбіт келіссөздер Таяу Шығыстағы жаңа соғысқа байланысты кейінге шегерілген.

Сонымен қатар NBC News телеарнасына берген сұхбатында Трамп Киевтің Иран дрондарымен күресте АҚШ-қа көмек көрсету туралы ұсынысын да қабылдамады.

Оның айтуынша, «өздеріне ешқандай көмек қажет емес».

Айта кетейік, бұған дейін АҚШ-тың арнайы өкілі Уиткофф Зеленский мен Путиннің жеке кездесу мүмкіндігі туралы айтқан.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью