Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Fox News арнасына берген сұхбатында Трамп бастапқыда Иранның ядролық қару жасамауға ғана уәде бергенін, алайда кейін бұл талаптың кеңейтілгенін айтты.
– Алғашында олар «біз ядролық қару жасамаймыз» деді. Мен «ал егер оны сатып алсаңыздар ше?» деп сұрадым. Сондықтан келісімде енді Иранның ядролық қаруды әзірлемейтіні де, сатып алмайтыны да көрсетілген. Бұл үлкен айырмашылық, – деді АҚШ президенті.
Трамптың айтуынша, Вашингтон мен Тегеран тиімді келісімге қол жеткізуге жақын. Алайда келіссөздер нәтиже бермесе, АҚШ әскери әрекеттерге қайта оралуы мүмкін екенін ескертті.
– Біз өте жақсы келісімге жақындап қалдық. Егер оған қол жеткізсек, бұл тамаша болады. Ал егер мәміле жасалмаса, әскери ведомствоның мүмкіндіктерін қайта пайдаланамыз, – деді Ақ үй басшысы.
Сонымен қатар, Трамп Иран тарабының келіссөз жүргізуде өте қатаң ұстанымда екенін атап өтті. Оның сөзінше, тараптар өз мақсаттарына біртіндеп жақындап келеді.
Еске салайық, АҚШ пен Израиль биыл ақпан айының соңында Иран аумағындағы нысандарға соққы жасай бастаған болатын. Кейін тараптар сәуір айында атысты тоқтату туралы мәлімдегенімен, келіссөздер айтарлықтай нәтиже берген жоқ. Соған қарамастан, әскери қақтығыстардың қайта жанданғаны туралы ресми ақпарат жарияланған жоқ.