Трампқа Иранға қатысты әскери және өзге де әрекет тәсілдері таныстырылды

13.01.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

АҚШ президенті Дональд Трампқа Иранға қатысты әрекет етудің әртүрлі сценарийлері ұсынылған.

CBS News телеарнасының екі америкалық шенеунікке сілтеме жасап хабарлауынша, бұл нұсқалардың қатарында тек әскери амалдар ғана емес, киберкеңістіктегі операциялар мен психологиялық ықпал ету тәсілдері де бар. Пентагон Ақ үй басшысына дәстүрлі әуе соққыларымен шектелмейтін, ауқымы кең құралдар жиынтығын таныстырған.

Дереккөздердің айтуынша, кибершабуылдар мен ақпараттық-психологиялық науқандар әскери әрекеттермен қатар жүргізілуі де, бөлек іске асуы да мүмкін. Алайда Иранға қарсы нақты қандай қадам жасалатыны жөнінде түпкілікті шешім әлі қабылданған жоқ. Сол себепті дипломатиялық арналар толық әлі ашық күйінда қалып отыр.

Осы бағыттағы ақпараттарға қарағанда, АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі командасы Ақ үйде арнайы жиын өткізіп, Иран мәселесіне қатысты жаңартылған жауап нұсқаларын талқыламақ. Бұл кездесуге Дональд Трамптың өзі қатыса ма, жоқ па — әзірге белгісіз.

Бұған дейін Трамп америкалық әскерилер «өте қатаң нұсқаларды» қарастырып жатқанын айтып, Ирандағы наразылықтар кезінде адам шығыны тіркелсе, жағдайға араласу мүмкіндігін де жоққа шығармаған еді. 

Ал Ақ үйдің баспасөз хатшысы Каролин Ливитт президенттің «қажет деп тапса, әскери амалдарды қолданудан тайынбайтынын», бірақ дипломатия әлі де басты басымдық болып қала беретінін атап өтті.

CBS News дерегінше, осы уақытта Иран тарапы да дипломатиялық арналар арқылы келіссөздерге дайын екенін аңғартқан. Дегенмен, нақты кездесу өтетіні жөнінде ресми растау әзірге жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін Дональд Трамп Иранмен ынтымақтасатын елдерге 25 пайыздық баж салығын енгізетінін мәлімдеген болатын. Сондай-ақ ирандық дипломаттарға Еуропарламентке кіруге тыйым салынғаны хабарланған еді.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью