Трампты Анкарадан азық түлік жүк көлігімен жасырын алып шықты БАҚ

12.08.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Иран тарапынан болуы мүмкін қастандық қаупіне байланысты АҚШ Президенті Дональд Трампты әскери ұшаққа отырғызу үшін Анкарадан азық-түлік таситын жүк көлігімен жасырын алып шыққан. Бұл туралы Washington Post, CNN телеарнасы және New York Times газеті хабарлады, деп жазады Tengrinews.kz.

Басылым дереккөздерінің мәліметінше, Америка арнайы қызметінің құпия операциясы шілде айында Түркияда өткен НАТО саммиті кезінде жүзеге асырылған.

"Анкарада Трамп телекамералардың алдында Air Force One бортына мінді. Алайда бірнеше минуттан кейін ол әуежайда бортына тамақ пен басқа да керек-жарақтар тиеу үшін қолданылатын азық-түлік жүк көлігінің көмегімен АҚШ Әскери-әуе күштерінің кішігірім C-32A ұшағына жасырын ауыстырылды", - деп жазады Washington Post.

Басылымның пайымдауынша, операция журналистік пул мен Ақ үй қызметкерлерінің бір бөлігі білмейтіндей етіп ұйымдастырылған. Олар негізгі "нөмір бірінші бортта" ұшып бара жатып, президент өздерімен бірге деп сенген.

Жарияланымда Трамп пен Пентагон басшысы Пит Хегсеттің транспондерлері өшірілген кішігірім C-32A ұшағымен ұшқаны нақтыланады. Ұлыбританиядағы әуе базасына келген соң Трамп байқатпай қайтадан негізгі лайнерге ауысқан, содан кейін сыртқы траппен бүкіл жол бойы бортта болғандай кейіп танытып шыққан.

Сонымен қатар Вашингтонға қайтар жолда баспасөз өкілдерімен сөйлесу кезінде президент Тегеран тарапынан өз өміріне тұрақты қауіп төніп тұрғанын ашық меңзеген.

New York Times ақпаратынша, Трамптың Түркияда басқа ұшаққа жасырын мінуіне себеп болған Иран тарапынан төнген қауіп оның Қатар сыйға тартқан негізгі ұшағына емес, Трамптың өзіне бағытталған. Газет дереккөзінің айтуынша, қауіп туралы Трампқа баяндалғаннан кейін қысқа мерзімде іс-қимыл жоспары әзірленген.

Ал Түркия тарапы Анкарадағы Америка арнайы қызметінің құпия операциясы туралы хабарламаларға қатысты пікір білдірген жоқ.

"Біз бұл хабарламаларға пікір білдірмейміз, Америка тарапына хабарласыңыздар", - деп мәлімдеді Түркия үкіметі БАҚ жарияланымдарына қатысты РИА Новости агенттігінің сауалына берген жауабында.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью