Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф америкалық делегацияның Мәскеу мен Киевке сапарының қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Дүйсенбі, 7 қыркүйекте ол Х әлеуметтік желісінде жазба жариялады.
Уиткофф Трамптың тапсырмасы бойынша америкалық келіссөз жүргізушілер соғысты тоқтату туралы диалогқа ықпал ету үшін Ресей мен Украинаға барғанын еске салды. Сапар алдында тараптар осы келіссөздерді өткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін үш күндік оқ атпау режимі туралы уағжаласты.
Оның айтуынша, ол, Трамптың күйеу баласы Джаред Кушнер, сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің, Мемлекеттік департаменттің және АҚШ Қаржы министрлігінің өкілдері әр тараптың ұсыныстарын талқылау үшін Ресей президенті Владимир Путинмен және Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесті. Киевте делегацияларға алдағы қадамдарды талқылау үшін Ұлыбритания, Германия және Францияның ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшілері де қосылды.
"Айтарлықтай ілгерілеушілікке қол жеткізілді, оның ішінде қосымша үшжақты келіссөздер өткізу мәселесінде де алға жылжу байқалды. Президент Трамп қантөгісті тоқтатып, берік әрі ұзақ мерзімді бейбітшілікке қол жеткізу үшін бар күш-жігерін салып жатыр", - деп жазды арнайы өкіл.
Президент Трамптың нұсқауымен АҚШ келіссөз жүргізушілері Ресей-Украина соғысын тоқтату үшін қосымша диалог орнату мақсатында Мәскеу мен Киевке барды. Сапар алдында ресейліктер мен украиналықтар осы талқылауларды өткізу үшін үш күндік оқ атпау саясатына келісті... pic.twitter.com/7oj7C2Qp2p
— Арнайы өкіл Стив Уиткофф (@SEPeaceMissions) September 7, 2026
Сонымен қатар Financial Times өз дереккөздеріне сілтеме жасап, Уиткофф пен Кушнердің Киев пен Мәскеудегі көпсағаттық келіссөздері ешқандай нәтиже бермегенін хабарлады. DW осы материалдан үзінді келтірді. Онда Трамптың өкілдері келіссөздер барысында бейбіт реттеу бойынша бұған дейін әзірленген, кейінгі айлардағы өзгерістерді ескере отырып түзетілген құжаттардың жаңартылған нұсқаларын ұсынғаны айтылған.
ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР
Астана-1 вокзалын жөндеу: қашан аяқталады және қазіргі жағдайы қандай?
05 қыркүйек 14:58 1
Газет дереккөздерінің айтуынша, Трамптың өкілдері жаңа идея көп әкеле қоймаған, олар көбіне бұрынғы ұсыныстарды қайта жандандыруға және Киев пен Мәскеудің ұстанымдарын жақындатуға тырысқан.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу