Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
АСТАНА, 13 шілде – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамптың бұйрығымен АҚШ әскері Иранға жаңа соққылар жасай бастады. Бұл туралы АҚШ Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) X әлеуметтік желісінде мәлімдеді.
"Бүгін АҚШ-тың Шығыс жағалауы уақытымен сағат 17:00-де (Астана уақытымен 02:00) АҚШ Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығы Иранның Ормуз бұғазы арқылы еркін қатынайтын азаматтық теңізшілер мен коммерциялық кемелерге шабуыл жасау мүмкіндігін одан әрі әлсірету мақсатында жаңа соққылар жасай бастады", – делінген қолбасшылықтың хабарламасында.
Шабуыл жасау туралы бұйрықты АҚШ президенті Дональд Трамп берген.
Ирандық БАҚ-тың мәліметінше, елдің оңтүстігіндегі Сирик, Бендер-Аббас және Джаск қалаларында, оңтүстік-батыстағы Ахваз бен Махшахрда, батыстағы Хондабта, сондай-ақ Кешм аралында, Бушер, Систан және Белуджистан провинцияларында жарылыстар болған.
Press TV телеарнасының хабарлауынша, Хузестан провинциясында жасалған соққылар салдарынан бір адам қаза тауып, бірнеше адам жараланған.
Жексенбіге қараған түні Иран АҚШ өңірдегі араласуын тоқтатқанға дейін Ормуз бұғазын жабатынын мәлімдеді. Осыдан кейін Ислам революциясы сақшылар корпусының (КСИР) күштері теңіз дәлізі арқылы өту тәртібін бұзған екі сауда кемесіне оқ атты. Бұған жауап ретінде АҚШ Қарулы күштері Иран аумағындағы нысандарға соққы бере бастады. Бұқаралық ақпарат құралдары Ассалуйе, Конарек, Бендер-Аббас, Сирик және Чахбехар қалаларында, сондай-ақ Кешм аралында жарылыстар болғанын хабарлады.
Сонымен қатар Қатардағы Әл-Удейд америкалық әуе базасына, Омандағы Дукм портындағы материалдық-техникалық қамтамасыз ету орталықтары мен әуе тасымалдағыштарын жанармаймен қамтамасыз ету платформаларына, сондай-ақ Бахрейндегі байланыс тораптары мен радиолокациялық станцияларға соққы жасалғаны туралы да хабарланған.
Бұдан бөлек, Тегеран Иорданиядағы ханзада Хассан атындағы әуе базасындағы басқару орталығы мен MQ- ұшқышсыз ұшу аппараттарына арналған ангарлардың жойылғанын мәлімдеді, деп жазады Reuters.
8 шілдеге қараған түні АҚШ әскері қақтығысты тоқтатуды көздейтін меморандумға қарамастан Иранға соққы жасауды қайта бастады. Ресми мәлімет бойынша, бұған Тегеранның Ормуз бұғазындағы коммерциялық кемелерге қарсы әрекеттері себеп болған. Ал Иран АҚШ-тың Таяу Шығыстағы әскери инфрақұрылымына шабуыл жасап жатыр.