Трансфер нарығы: Нани Ақтөбе сапында ойнайды

30.01.2026

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Еліміздің премьер-лигасындағы командалар маусымаралық үзілісті барынша тиімді пайдаланып, құрамдарын күшейтуге кірісті. Селекциялық жұмыста, әсіресе, ел чемпионы «Қайрат» пен биік мақсаттарды көздеген «Ақтөбе» клубы ерекше белсенділік танытып отыр.

Былтырғы маусымда толайым табысқа жетіп, УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне жолдама алған «Қайрат» Еурододаға дайындықты бас­тап кетті. Алматылық ұжым Оңтүстік Америкадан екі бірдей футболшыны қатарына қосты. Біріншісі – бра­зилиялық орталық қорғаушы Лукас Африко. 30 жастағы ойыншы бұған дейін Португалияның «Ма­ритиму», «Эшторил», Түркияның «Ванспор» коман­даларында өнер көрсеткен. Сонымен қатар «Қайрат» 24 жастағы аргентиналық шабуылшы Себас­тьян Себальоспен келісімшартқа отырды. Бо­ливия­ның «Реал Оруро» клубында 40 ойында 18 гол соғып, мергендігімен танылған оғлан алматы­лық­тардың шабуыл шебін күшейтеді деп күтіліп отыр. Клуб­тың басты мақсаты – чемпиондық атақты қор­ғап қалу, халықаралық аренада сәтті өнер көрсету.

Былтырғы чемпионатты бесінші орынмен аяқтаған «Ақтөбе» биыл қалайда бас жүлдені олжа­л­ауға бекінген сыңайлы. Батысқазақстандық клубтың Луиш Нани мен Миралем Пьянич сынды әлемдік деңгейдегі жұлдыздарды қатарына қосуы мүмкін деген ақпарат жанкүйерлерді елең еткізді.

39 жастағы Луиш Нани Атлант мұхитын­дағы арал-мемлекет Кабо-Вердеде дүниеге келген. Ертеректе Португалияға қоныс аударған соң, 2006–2017 жылдар аралығында ұлттық команданың сапында жасындай жарқылдады. 112 матчта қарсыластар қақпасын 24 мәрте дәл көздеді. Командасымен бірге Еуропа чемпионы, Конфедерация кубогінің иегері атанды. Әр жылдары «Спортинг», «Манчестер Юнайтед», «Фенербахче», «Валенсия» сынды әйгілі командалар сапында ойнады. Клубтық деңгейдегі додаларда 462 кездесу өткізіп, 100-ден аса гол соқты.

35 жастағы Миралем Пьянич – Босния мен Герцеговинаның ең белді футболшысы. Амплуасы – жартылай қорғаушы. 2008–2024 жыл­дар аралығында түрлі байрақты бәсекелерде өз елінің намысын абыройлы қорғап, 115 ойында 18 гол соқты. Әр жылдары «Лион», «Рома», «Ювен­тус», «Барселона», «Бешикташ» сынды Еуропа гранд­тарының жейдесін киді. Сол командалар сапында 499 мәрте алаңға шығып, 60 рет нысананы дәл көздеді.

Әрине, мұндай деңгейдегі легионерлерді шақыру қомақты қаражатты талап ететіні белгілі. Алайда қос клуб та алдағы маусымда жоғары нәти­жеге қол жеткізу мақсатында саналы түрде тәуекелге барып отыр. Қыруар қаржы мен зор үміт артылған трансферлердің қаншалықты ақтала­тынын алдағы уақыт көрсетеді. 

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің тауар өндірушілер тізіліміне 5 мыңға жуық кәсіпорын тіркелген

Экономика • Бүгін, 09:43

Астана мен Алматыда доллар қаншадан саудаланып жатыр?

Қаржы • Бүгін, 09:35

Қазақстанда қазір қандай жолдар жабық тұр?

Ауа райы • Бүгін, 09:23

Бүгін ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 09:12

Конституцияның жаңашылдығы – байыпты тұжырымдамалық мазмұнында

Саясат • Бүгін, 09:05

Суды үнемдеу – өңір дамуының өзегі

Саясат • Бүгін, 09:02

Инвесторларды қолдау тетіктері жетілдіріледі

Саясат • Бүгін, 09:00

Цифрлық жаңғыртудың нақты қадамдары

Саясат • Бүгін, 08:55

Әскери теміржол күзетінің мәртебесі бекітілді

Саясат • Бүгін, 08:53

Жасанды интеллект жұмыссыз қалдыра ма?

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:50

Креативті индустриядағы ұлттық қолтаңба

Жастар • Бүгін, 08:48

Трансфер нарығы: Нани «Ақтөбе» сапында ойнайды

Футбол • Бүгін, 08:45

Жақсылық жасау – жауапкершілік

Жастар • Бүгін, 08:43

Теңгенің тегеуріні

Теңге • Бүгін, 08:40

Оқытуды жеңілдеткен платформалар

Digital • Бүгін, 08:38

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью