Транзит ағыны артады: Алтынкөл Қорғас торабы күшейтіледі

23.02.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Мемлекет басшысының еліміздің көлік-транзиттік әлеуетін дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде негізгі инфрақұрылымдық тораптарды жүйелі жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр.

Алтынкөл станциясы мен Қорғас шекаралық өткелі бірыңғай теміржол-шегаралық кешенді құрайды және халықаралық көлік дәлізінің маңызды буыны. Аталған торап елдің транзиттік әлеуетін арттыруда ерекше рөл атқарады. Алтынкөл – Қорғас торабы арқылы экспорт-импорт және транзиттік жүк тасымалының едәуір көлемі жүзеге асырылады.

Инфрақұрылым жүктерді жедел өңдеуді, контейнерлерді қайта тиеуді және екі мемлекеттің теміржол қызметтерінің үйлесімді жұмысын қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта ауқымды жаңғырту бағдарламасы іске асырылып жатыр. Алтынкөл – Жетіген учаскесінде жалпы ұзындығы 32 шақырымды құрайтын екі аралықта екінші жолдардың құрылысы жалғасып, сондай-ақ 5 жаңа және 8 қолданыстағы айырықты дамыту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл желінің өткізу қабілетін тәулігіне 18 жұп пойыздан 33 жұп пойызға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитетінің төрағасы Нұржан Амангелдинұлы Келбұғанов жұмыс сапары аясында станциядағы жобалардың іске асырылу барысымен танысты. Жобаларды аяқтау 2026 жылға жоспарланған. Оларды іске асыру Қазақстанның Еуропа мен Азия арасындағы транзиттік көпір ретіндегі стратегиялық рөлін күшейтіп, ұлттық көлік-логистика жүйесінің тиімділігін арттырады.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью