Травиата тағы да таңғалдырды

11.04.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

«Астана Опера» сахнасында ұсынылған Джузеппе Вердидің жауһар туындысы – «Травиата» айрықша леппен, жаңа тыныспен көрерменге жол тартты. Театр табалдырығын аттаған сәттен бастап-ақ өзгеше толқу сезіліп, фойені әсем әуенге деген сағыныш биледі. Залға жиналған қауымның ықыласы қойылым басталған алғашқы минуттардан-ақ анық аңғарылды.

Спектакльге қатысқан өнер шеберлеріне көрсетілген ерекше құрмет те кештің маңызын арттыра түсті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан ықылас гүлдерінің ұсынылуы әртістердің еңбегіне көрсетілген құрметтің, рухани құндылықтарға берілген жоғары бағасының көрінісіндей әсер қалдырды.

Айтулы кештің басты көр­кем­дік жүгін әлемдік һәм отан­дық опера сахнасының танымал жұлдыздары арқалады. Париж, Милан, Лондон сахналарын бағындырған отандық сопрано Мария Мудряк Виолетта Валери партиясын орындап, кейіпкердің ішкі драмасын терең сезіммен жеткізді. Бұл рөл әнші үшін айрықша мәнге ие. Дәл осы образбен ол осыдан он жыл бұрын елорда сахнасында дебют жасаған еді. Уақыт өте келе оның Виолеттасы кемелденіп, нәзік психологиялық иірімдермен толығып, көрерменге жаңа қырынан ұсынылды. Марияның орындауындағы Виолетта – нәзіктік пен трагедияның, үміт пен шарасыздықтың тоғысқан бейнесі. Әсіресе кейіпкердің ішкі күйзелісі мен махаббат жолындағы құрбандығы әншінің вокалдық мүмкіндігімен қатар, актерлік шеберлігі арқылы шынайы жеткізілді.

Ал Альфред Жермон бейне­сін сомдаған испандық тенор Жоэль Прието көрерменнің ерек­ше ықыласына бөленді. Оның дауысы мен сахналық харизмасы кейіпкердің жастық жалынға толы табиғатын ашып, махаббат пен қызғаныш, үміт пен өкініш сезімдерін нанымды жеткізді. Әлемдік деңгейдегі сахналарда – Ковент-Гарден, Ла Скала, Париж ұлттық операсы мен Зальцбург фестивалінде өнер көрсетіп жүрген әншінің еліміздегі алғашқы өнер көрсетуі мәдени байланыстың кеңеюі­нің жарқын мысалы болды.

Жорж Жермон партиясын­да Талғат Мұсабаев сахнаға шығып, қойылымның драма­лық өзегін айқындады. Оның орындауындағы әке бейнесі қаталдық пен жанашырлық­тың, салқын есеп пен ішкі толға­ныстың үйлесімі ретінде көрініс тапты. Бұл кейіпкер арқылы операдағы негізгі моральдық қақтығыс айқындалып, оқиға тереңдей түсті.

Музыкалық жетекшілікті қолға алған италиялық дирижер Джузеппе Акуавива спек­такльдің тұтастығын жоғары деңгейде қамтамасыз етті. Оның басқаруындағы симфониялық оркестр Верди музыкасының нәзік лиризмін де, драмалық қуатын да дәл жеткізіп, сахна­дағы әрбір эмоцияны күшей­тіп отырды. Оркестр мен солис­тердің үйлесімі, хор партия­ларының нақтылығы қойылым­ның кәсіби деңгейін айқындады.

Жалпы алғанда, «Травиата» операсының бұл қойылымы музыкалық спектакль ғана емес, үлкен мәдени диалог алаңы­на айналды. Әлемдік дең­гей­­дегі әртістер мен отандық өнер шеберлерінің бір сахнада тоғы­суы ұлттық театр өнерінің ха­лық­аралық беделін нығайта түсті.

Соңғы жаңалықтар

Шиті мылтық пен түйе зеңбірек

Жәдігер • Бүгін, 09:45

Азиядан – 6 алтын медаль!

Бокс • Бүгін, 09:40

151 судья тағайындалды

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:30

Солтүстік спортындағы соны серпін

Спорт • Бүгін, 09:25

Балалар құқын қорғайтын басқарма

Шымкент • Бүгін, 09:20

Миранда қағидасы «Үндемеуге құқыңыз бар»

Құқық • Бүгін, 09:15

Классикалық үлгіге қосылған еңбек

Әдебиет • Бүгін, 09:10

Менің Темағам!

Руханият • Бүгін, 09:05

Қазақша сөйлейтін ЖИ: ISSAI зертханасындағы бір күн

Ғылым • Бүгін, 09:00

Баршаға ортақ мүмкіндік

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:55

«Отандық ғарыш саласының жоспары ауқымды»

Сұхбат • Бүгін, 08:50

«Момақан қыз» – оқырман олжасы

Руханият • Бүгін, 08:45

Зиянды қалдықты 40 есеге азайтқан технология

Ғылым • Бүгін, 08:40

Қаныштың Қытайға сапары

Тарих • Бүгін, 08:35

Жер қойнауын зерттеудегі ЖИ үлесі

Ғылым • Бүгін, 08:30

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью