Триатлоннан Қазақстан құрамасы ТОП 10 ға енді

21.09.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Аичи-Нагояда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында триатлоннан аралас сайыстан жүлде сарапқа салынды,  – деп хабарлайды Aikyn.kz Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Диана Ержанова, Арлан Жаңабай, Егор Крупяков және Аида Кимнен құралған команда 1:31:45 уақыт көрсеткішімен жалпы есепте 7-орынға тұрақтады.
Қытай - 1:25:54
Жапония - 1:26:45
Гонконг - 1:27:25
7-орында Қазақстан - 1:31:45
Айта кетейік, кешегі жарыс күнінде Арлан Жаңабай Азия ойындарында Қазақстан қоржынына бірінші қола жүлдені алып берген еді.
XX жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады. Қазақстан Ұлттық құрамасының сапында 558 спортшысы қатысып жатыр. Олар жарыс бағдарламасындағы 35 спорт түрінен жүлдеге таласады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью