Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
АСТАНА, 6 ақпан – Sputnik. Қазақстанда туберкулез жұқтырғандар саны 10%-ға төмендеді, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда туберкулез бойынша эпидемиологиялық көрсеткіштер жақсарған.
"Туберкулезді жұқтырғандар 9,9 %-ға төмендеді. Таралу көрсеткіші 12,8%-ға азайды.Туберкулезден болатын өлім-жітім көрсеткіші 10%-ға төмендеді", - деп жазылған хабарламада.
Емдеу тиімділігі де артты:
дәріге сезімтал туберкулезден жазылу көрсеткіші 90,5%-ды кұрады,
дәріге төзімді туберкулезден жазылу көрсеткіші 85,3%-ға дейін жоғарылады.
Бұл көрсеткіштер Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) стандарттарынан жоғары.