Туған күн тойлаған тұрғынға көршілері полиция шақырды

09.09.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Ақмола облысында көпқабатты үйде түн ортасында туған күн атап өткен тұрғынға әкімшілік хаттама толтырылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Polisia.kz сайтының мәліметінше, 8 қыркүйек күні сағат 00:30 шамасында полицияға Пушкин көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде тұрғындардың тыныштығы бұзылып жатқаны туралы хабар түскен.

Оқиға орнына жеткен полицейлер пәтерлердің бірінде туған күн тойланып жатқанын анықтады. Қатты музыка мен дауыстан көршілер ұйықтай алмаған.

Осыған байланысты мерекені ұйымдастырған тұрғынға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

Туған күн иелері аулаға конфетти де шашқан. Полиция қызметкерлері мұндай қоқысты тазалау аула тазалығына жауапты қызметкерлерге қосымша жұмыс жүктейтінін ескерткен. Осыдан кейін мерекеге қатысушылар конфеттиді өздері жинап, ауланы тазалап кеткен.

Полиция туған күн мен басқа да мерекелерді атап өтуге тыйым салынбайтынын, алайда түнгі уақытта тұрғындардың тыныштығын бұзбау және қоғамдық орындарды таза ұстау қажет екенін еске салды.

Жыл басынан бері Ақмола облысында тыныштықты бұзғаны үшін 3 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью