Түйе сүті шетел нарығына шығады

12.02.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Құнары мол түйе сүті жергілікті халық арасында жоғары сұраныс­қа ие. Осы сұранысты өтеу мақ­са­тын­да өңірде жуырда құрғақ түйе сүтін өндіретін цех іске қосылды. Жаңа өндіріс орны өнімді ұзақ мер­зім сақтауға мүмкіндік беріп, ішкі нарықты сапалы отандық өнім­­мен қамтама­сыз етуге жол ашады.

Жаңаөзен сүт зауытының сублимация­­­ланған құрғақ түйе сүтін өндіру цехы – өңірдегі сапалы, құнарлы тағам ұсынатын маңызды өндіріс орындарының бірі. «Жаңаөзен сүт зауыты» ЖШС тарапынан салынған жобаның жалпы инвестициялық құны – 148 млн теңге.

Жалпы ауданы 500 шаршы метрді алып жатқан нысанның өндірістік қуаты жылына 18 тонна өнім өндіруге негізделген. Қазір цехта ашылған  жаңа жұмыс орындарына он екі адам жұмысқа қабылданды. Жыл бойы шұбат өнімін үздіксіз қамтамасыз етуді мақсат еткен  цех жалпы шұбат өндірісін ұлғайту мен ауыл шаруашылығын қолдауды жоспарлап отыр. Зауыт 30-ға жуық жеке шаруа қожалығынан бір жылда 68 мың литр сүт қабылдап келген, енді осы көлемді екі есеге ұлғайтпақ.

– Бұл жаңа өндіріс орны – өңіріміз үшін маңызды әрі пайдалы жоба. Жоғары сапалы, экологиялық таза өнім өндірісін дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу әрі отандық өндірісті қолдау – біздің басты мақсатымыз, – дейді өңір басшысы Н.Қилыбай.

Экологиялық таза өнім өндірісін жолға қоюға, отандық өндірісті дамытуға бағытталған зауыт өнімдерін экспортқа шығаруды жоспарлап отыр. Қазірдің өзінде  өнімдерді Қытай мен БАӘ-ге жеткізу келіссөздері бар.

Салтанатты жағдайда ашылған соң көп ұзамай Жаңаөзен қалалық сүт зауыты еліміздің атынан Дубайда өткен әлемдегі ең ірі халықаралық азық-түлік көрмелерінің бірі – «Gulfood» көрмесіне қатысып,  өнімдерін халықаралық нарыққа ұсынды.

Отандық өнімді халықаралық нарыққа шығару мен экспорттық әлеуетті арттыру мақсатындағы «Gulfood» көрмесіне биыл 50-ден астам мемлекеттен азық-түлік өндірушісі, дистрибьюторлар мен ірі сауда компаниялары қатысты. Нәтижесінде,  Жаңаөзен қалалық сүт зауыты экологиялық таза сүт өнімдерін, соның ішінде өңірде өндірілетін ұлттық өнімдерді таныстырып, шетелдік серіктестермен іскерлік байланыс орнатуға қол жеткізді.

Түйе жүнінен заманауи жадағайды нарыққа шығарып, кофе дайындаған маңғыстаулықтар енді түйе сүтінен әзірленген өнімдерді шетелдік нарыққа шығаруға қам жасай бастады. Түйенің сүті де, жүні де – тұтынуға қолайлы, сапалы, құнарлы екендігі ғасырлар бойы дәлелденген. Оның үстіне ойсылқара түлігі – Маңғыстау табиғатына төзімді әрі өңірде өсірілетін негізгі мал түрі екені де белгілі. Сондықтан бұл өндірістің пайдасы көл-көсір.

Маңғыстау облысы 

Соңғы жаңалықтар

Күрделі кезеңдегі іргелі бетбұрыс

Сараптама • Бүгін, 08:15

Міндет мінсіз орындалса игі

Саясат • Бүгін, 08:10

Стратегиялық маңызды теміржол желісі іске қосылады

Саясат • Бүгін, 08:05

Газ саласын реттейтін құжат талқыланды

Саясат • Бүгін, 08:00

Елена Рыбакинаның 20 жетістігі

Теннис • Кеше

Жеңіл атлеттер Қытайда жеті жүлде олжалады

Спорт • Кеше

Дзюдошылар Парижде үш қолаға қол жеткізді

Спорт • Кеше

Қазақстандық биатлоншылар 2026 жылғы Олимпиадада жекелей сайыста өнер көрсетті

Олимпиада • Кеше

Ертең елордада мектеп оқушылары мен колледж студенттері қашықтан оқиды

Ауа райы • Кеше

Олимпиада-2026: Шыңғыс Ракпаров шаңғы қоссайысында 35-орынға жайғасты

Олимпиада • Кеше

Алматыда хирургтер 31 магнит жұтып қойған баланың өмірін сақтап қалды

Оқиға • Кеше

Жаңа Конституция: Сарапшылар қоғамдық тұрақтылық пен дамуға қолдау білдірді

Ата заң • Кеше

Президент азаматтардың құқығын қорғау және қоғамдық тәртіпті сақтау мәселелері бойынша жиын өткізді

Президент • Кеше

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция тұңғыш рет алдымен қазақ тілінде әзірленді

Ата заң • Кеше

Қостанай облысында интернет-алаяқтықтың жолы кесілді

Аймақтар • Кеше

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью