Түк те қорыққан жоқпын : 74 жастағы әжей парапланмен ұшып, көкте ән салды

19.06.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

АСТАНА, 19 маусым – Sputnik. Астана тұрғыны 74 жастағы Ырзакүл Жәнібекова Туркияға жасаған саяхаты кезінде парашютпен ұшып, көкте Шәмшінің әнін шырқады. Өмірге құштар апамен Sputnik Қазақстан тілшісі сұхбаттасты.

"Бала арманым ішімде қалып қойған әжемін" деген Ырзакүл әжей өмірге өте құштар жан. Жасым шау тартты деп отырмайды, еңбекқор, елгезек, айтар ақылы көп ауызы дуалы жан.

"Мені 19 жасымда алып қашып кеткен, енем өте жақсы адам болды. "Балаға байланып отырма" дейтін, өзім сауда саласында еңбек еттім. Енеме үлкен рахмет айтамын. Атам мені "құлыным" деп, енем "қалқам" деп өтті. Жас кезімде журналист болсам, әнші болсам, аспанға ұшсам деп армандап ем", - дейді Ырзакүл Жәнібекова.

Ырзакүл әжейдің 4 ұл, 4 қыз, 24 немересі, 13 шөбересі бар.

© PhotoҚазақстандық әжей Түркияда парашютпен ұшып, көкте ән салды

Қазақстандық әжей Түркияда парашютпен ұшып, көкте ән салды

© Photo

"Ешқашан арманым орындалмады деп өкінбеу керек. 40-қа келдім, 50-ге елдім, бәрінен қалып қойдым демеу керек. Отағасына "ұшаққа отырып, бұлтқа көтерілмей тұрып ана дүниеге бармаймын" деп айтушы едім. Әрине, отағасы екеуміз әртүрлі елдерді көрдік, балаларым бізді Меккеге де апарды", - дейді Ырзакүл Жәнібекова.

Кейде теледидарға қарап отырып, кейбір жастарға қарным ашып отырады. Жастарда үлкенге деген құрмет, ар-намыс, ұят деген болу керек, дейді әжей.

"Өз ата-енемнен бөлек үлкендердің батасын көп алдым. Үлкен кісілердің барлығын сыйладым, алдынан қия өтпедім. Қарапайым әйел болсам да, еліме елеулі, халқыма қалаулы болдым", - деген Ыразкүл әжей өмірде жалпы белсенді жан.

Ол Астанадағы "Ақмаржан" әжелер ансамблінде ән айтады.

Әжей жас кезіндегі мына бір жағдайды еске алды.

"Алып қашып кеткеннен кейін өзен жағасында егіліп жылап отырып, өзіме былай деп серт бердім. Мен Иманғалидың жалғыз қызымын, әке-шеше, шыққан жерім, Қыпшақ елінің жаман атын шығармаймын. Қандай қиындық болсын көнемін, жеңіп шығамын. Арманыма жетемін деп серт бердім. Әрине, отбасы болған соң әртүрлі жағай болады", - дейді Ырзакүл әже.

Өскен ата мен Ырзакүл апа 53 жыл отасқан, тәрбиелі ұл, өнегелі қыз өсірген. Ерлі-зайыпты арасында сезім, сыйластық, татулық болған. Ал парашютке отырған сәт 74 жастағы апа үшін есінен кетпес сәт болған.

© PhotoҚазақстандық әжей Түркияда парашютпен ұшып, көкте ән салды

Қазақстандық әжей Түркияда парашютпен ұшып, көкте ән салды

© Photo

"Парашютті көріп, балаларыма "мен осыған отырғым кеп тұр" дедім. Түк те қорыққан жоқпын. Міне, арманыма жеттім деп ойладым. Аспанға қалықтағанда Шәмші Қалдаяқовтың "Құстар" әнін орындадым. Өзім осы әнді жақсы көремін. "Қазақстан алға!" деп те айқайладым. Алған әсерімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын, өте керемет болды! Әлі бала ұқсап жүрмін", - дейді қуанышы қойнына сыймаған апа.

Ырзакұл апа би кешіне де барып, би билеп қайтқан. Ол жерде түрік ағайын әжейге құрмет көрсетіп, ілтипат білдірген.

Ырзакүл апа ешқашан "жоқ" дегенді, "шаршадым" дегенді айтпау керек дейді.

74 жастағы Ырзакүл әжейдің бұл жолы да үш бірдей арманы орындалды. Ән айтсам деген әжей Түріктің көгінде ән шырқады. Ақ бұлтқа шықсам деген әже парашютпен ұшты. Ал журналист болам деген арманы... Қазіргі уақытта Ырзакүл апа журналистерге сұхбат беріп, қошеметке бөлАеніп жатыр.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью