Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Қазақ публицистикасында дара қолтаңбасымен танылған белгілі қаламгер Шархан Қазығұлдың «Сегізінші нота» атты жаңа кітабы жарық көрді. Жуырда оқырман қолына тиген бұл еңбек – автордың тұлғатану бағытындағы ұзақ жылғы шығармашылық ізденісінің нәтижесі.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, публицист-жазушы Шархан Қазығұл есімі көпшілікке «Әлем әйнегіндегі әсемдік», «Дүбәра дүние», «Тоғыз тарау туынды», «Оңашадағы онлайн ойлар», «Палитрасыз портреттер», «Футбол философиясының фрагменттері» секілді публицистикалық кітаптарымен, сондай-ақ «Меценат» әдеби байқауын жеңіп алған «Күлпет» атты романымен жақсы таныс. Енді, міне, қаламгер «Сегізінші нота» атты кезекті кітабымен мазмұндық тұрғыдан жаңа белеске көтеріліп отыр.
Жинаққа билік, әдебиет, өнер және журналистика саласындағы танымал тұлғалар туралы портреттік эсселер мен публицистикалық толғамдар еніпті. Мәселен, әдебиетіміздің классиктері Әкім Тарази мен Әбдіжәміл Нұрпейісовтер туралы «Тасжарған Тарази» мен «Санадағы сарытап сағыныш», Абай мен Мұқағали сынды ақындарды орыс тіліне аударған, телевизия мен көсемсөздің майталманы, мемлекет және қоғам қайраткері Ғаділбек Шалахметов туралы «Шалахметов шеңберіндегі штрихтар», белгілі композитор Төлеген Мұхамеджанов туралы «Сегізінші нота» сынды бірнеше эссесін оқығанда қаламгердің белгілі бір тұлғаның өмірбаяндық деректерін тізбектемей, әр кейіпкердің болмыс-бітімін заманның тынысымен астастыра әңгімелейтінін аңғардық. Біздің пайымдауымызша, «Сегізінші нота» кітабы жатық тіл, дәл деталь, астарлы ой арқылы оқырманға көзге көрінбейтін, бірақ жүрекпен ғана сезуге болатын әуенді естірте алған.
Сондай-ақ бұл кітапты бұған дейін жарық көрген «Палитрасыз портреттер» публицистикалық жинағының заңды жалғасы іспеттес және тұлғатану үдерісіне қосылған қомақты үлес деп айтуға болады.
Шархан Қазығұл жинақтың алғашқы бөліміндегі портреттік эсселерінде кейіпкерлерінің ішкі әлеміне үңіліп, кезеңнің рухын, уақыттың мінезін көркем суреттесе, екінші бөлімдегі мақалаларында қоғамдағы кейбір келелі мәселелерді өзіндік таныммен тасқа қашаған. Қысқарта айтсақ, ұлтқа қызмет ету деген ұстанымдағы ұлтымыздың публицистика өнері бір ғасырдан астам уақыттан бері талай кезеңді бастан өткерді. «Сегізінші нота» сол өнердің өрісін кеңітер жинақ боларына үміт етеміз.
Соңғы жаңалықтар
Үкімет • Кеше
Оқушылар өмірдің өзін сахналады
Мектеп • Кеше
Отандық стартап саласына 73 млн доллар инвестиция тартылды
Инвестиция • Кеше
Президент: Жаңа Конституция бойынша түпкілікті шешімді халық референдумда қабылдайды
Президент • Кеше
Еліміздің 16 өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Биометриялық деректерді пайдалану тәртібі нақтыланды
Қоғам • Кеше
Жаңа Конституция жобасының мәтіні қайда жарияланады?
Ата заң • Кеше
Биыл Жамбыл облысында 76 канал жөнделеді
Аймақтар • Кеше
Елордада оқушылар арасында әдеби байқау өтті
Елорда • Кеше
Бақыт Нұрмұханов: Сот төрелігінің конституциялық қағидаттары айтарлықтай күшейтілді
Ата заң • Кеше
Авторлық құқық мәселесі қалай шешімін табады?
Қоғам • Кеше
Шығыс Қазақстанда екі ведомствоның лауазымды тұлғалары жемқорлықпен ұсталды
Жемқорлық • Кеше
Әуезов театрының жүз жылдық тарихынан сыр шертетін құнды деректер жарияланды
Мәдениет • Кеше
Жамбыл облысында 40 мыңнан астам жұмыс орны ашылады
Аймақтар • Кеше
Жаңа Конституция саяси жүйені қалай өзгертеді?
Ата заң • Кеше