Тұман, көктайғақ болады: 25 ақпанға ауа райы болжамы

25.02.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Қазгидромет 25 ақпанда елдің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында жауын-шашын (көбінесе жаңбыр), облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында жауын-шашын жауады. Күндіз облыстың оңтүстігінде найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20, күндіз облыстың тау асуларында екпіні 23-28 м/с. 

Шымкентте түнде және күннің соңында жаңбыр жауады. Кей уақыттарда тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Түркістанда түнде жауын-шашын (көбінесе жаңбыр), күннің екінші жартысында жаңбыр жауады. Кей уақыттарда тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.

Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Алматыда кей уақытта тұман, көктайғақ болады. Қонаевта кей уақытта тұман, көктайғақ болады.

Ұлытау облысының оңтүстігінде жолдарда көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 25 м/с. Жезқазғанда солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23 м/с.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысының оңтүстігінде көктайғақ, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, облыстың орталығында, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Жел шығыстан, солтүстік-шығыстан соғады, күші 15-20, күндіз облыстың орталығында, шығысында екпіні 25 м/с. Қызылордада күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, бұрқасын жүреді. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с.

Маңғыстау облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында көктайғақ болады.

Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында жаяу бұрқасын жүреді. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, Мұғалжар ауданында екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Оралда түнде және таңертең тұман түседі.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Семейде түнде және таңертең тұман түседі.

Қостанай облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Өскеменде түнде және таңертең тұман болады.

Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, шығысында, таулы аудандарында көктайғақ болады. Кей уақыттарда тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстіқ-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с. Таразда кей уақыттарда тұман, көктайғақ болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью