Түнде көпқабатты үйлерде бала жылағаны үшін көршілер шағымдана ала ма?

09.10.2025

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Әлеуметтік желілерде "түнде бала қатты жылағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартуға болатыны" туралы ақпарат тарап жатыр. Алайда ІІМ тыныштықты бұзғаны үшін жауапкершілік көзделетін заң нормасы дұрыс түсіндірілмегенін мәлімдеді.

ӘҚБтК-нің 437-бабы бойынша құқықбұзушылық - тұрғын үйде немесе оның сыртында сағат 22:00-ден таңғы 9:00-ге дейін адамдардың қалыпты демалысы мен тыныштығына кедергі келтіретін шулы әрекеттерді жасау. Десе де полиция жеке немесе заңды тұлғадан түскен арыз бойынша ғана тексеріс жүргізеді. 

"Әрбір хабарлама жеке қаралып, құқықбұзушылықтың объективті және субъективті жақтары анықталады. Шу деңгейінің күндізгі және түнгі уақытта рұқсат етілген мөлшерлері белгіленген. Сәбилердің жылауы әкімшілік жауапкершілікке тартуға негіз емес", - деді ІІМ өкілдері. 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью