Түнде қар, күндіз жаңбыр жауады . Еліміз бойынша 28 қазанға арналған ауа райы болжамы

27.10.2026

Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Болжамға сәйкес, мына өңірлерде күн күрт суытып, үсік жүреді деп күтіледі, ауа температурасы: -1...-8°С:

Жетісу облысында,Жамбыл облысында,Алматы облысында,Түркістан ооблысының батысында,Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында.
"Қазақстан аумағының басым бөлігі әлі де кең ауқымды антициклон ықпалында болып, оған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек еліміздің оңтүстігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр жауады. Республика бойынша белең алатын ортақ табиғи құбылысқа тұман жатқызылады, ал еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында жел екпін алып, оңтүстікте шаңды дауыл соғады", делінген "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сонымен қатар, Қазақстанның бірқатар өңірлерінде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады:

жоғары өрт қаупі – Маңғыстау облысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, батысында, оңтүстігінде, шығысында, Қызылорда облысының солтүстігінде, Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, Қостанай және Жетісу облыстарының оңтүстігінде, Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, орталығында, Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, тау бөктеріндегі аудандарында;төтенше өрт қаупі – Қызылорда, Атырау облыстарында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, орталығында, Қарағанды облысының батысында, Маңғыстау облысының орталығында, Ұлытау облысының батысында, орталығында, Жетісу облысының шығысында.

Бұған дейін синоптиктер Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша 27-29 қыркүйек аралығына арналған ауа райы болжамын жариялаған болатын.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью