Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Ақтөбеде кәмелетке толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түсу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта заңнамада көзделген барлық қажетті тергеу әрекеті жүргізіліп жатыр.
Жәбірленушінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау қамтамасыз етілген. Аталған қылмыстық істің тергеу барысы облыстық Полиция департаментінің ерекше бақылауында.
Сонымен қатар облыстық Білім басқармасы қыздың бұған дейін профилактикалық есепке алынғанын мәлімдеді.
– Бұл оқиғаға дейін білім беру мекемесі тарапынан барлық тиісті шаралар қабылданған. Жүргізілген түнгі рейд барысында кәмелетке толмаған тұрғынның бірнеше рет ұсталғаны анықталды. Ата-анасына ескерту жасалып, оқушы профилактикалық есепке алынды. Оқушымен жеке жұмыс жоспары әзірленіп, бақылау орнатылды. Сол кезде оның жүкті екені анықталды, – деп хабарлады Ақтөбе облыстық Білім басқармасы.