Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Тұңғыш қазақ Конституциясын жазған Барлыбек Сырттановқа Талдықорғанда еңселі ескерткіш орнату ұсынылды.
Биыл тарихи тұлғаның 160 жылдық мерейтойына орай ауқымды конференция өтуі тиіс. Мәжіліс депутаты Болат Керімбекпен жүздескен қария осындай ұсыныс жасады. Қоғамдық қабылдауға келгендер жеке мәселемен қатар педагог мәртебесі туралы заңға өзгеріс енгізу қажеттігін көтерді. Ғылыми академиялық дәрежесі бар ұстаздарға колледждерде қосымша ақы төленсе, білікті мамандарды оқу орнына көптеп тартуға болатыны айтылды. Жиында Алаш қайраткерлерінің есімін ұлықтау, насихаттауға көңіл бөлу жайы сөз болды.
Сайлаубек Батырханов, қала тұрғыны:
- Мамания мектебін аштырып, соған ықпал етіп жүрген соған мұғалім әкеліп жүрген Барлыбек қой. Оның еңбегі еңбек пе? Керемет еңбек қой. Оның әрбір істеген ісінің бәрі үлгі өнеге.
Болат Керімбек, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Республикалық деңгейдегі мәселені ол кісілердің өтініштерін ұсыныстарын қағаз түрінде алып тіркеп, Парламенттің электронды сайтына тіркеймін. Құжат айналымына. Сол арқылы тиісті министрліктерге хат жолдау арқылы өзім барып кездесіп шешуге мүдделімін. Жергілікті мәселені басқарма басшыларымен бірге шешеміз.