Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Елордада жеңіл автокөлік тұрғын үй кешенінің қабырғасына соғылды. Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желілерде тарады. Куәгерлердің айтуынша, жол апаты №111 мектеп маңында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Фото: Видеодан алынған кадр
Астана қалалық полиция департаменті жол-көлік оқиғасының болғанын растады. Ресми мәліметке сәйкес, Nissan маркалы көліктің жүргізушісі ауа райының қолайсыздығынан көлікті басқара алмай қалған.
Апат салдарынан көліктегі жолаушы жарақат алып, жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. Қазір полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, тексеріс жүргізіп жатыр.