Тұран волейбол клубы Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері болды

12.04.2026

Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Қола жүлде үшін бәсекеде соңғы ойында сербиялық маман Владимир Васович жаттықтыратын «Берел» (Өскемен) мен Түркістанның «Тұраны» (бас бапкері Асқар Шалқыбеков) алаңға шықты.

Осыған дейін үшінші орын үшін тайталаста қос команда бір-бірден жеңіске жеткен еді. Бұл жолы алғашқы екі партияда өскемендіктер басымдылық танытты — 25:19, 25:22.

Бұдан кейін түркістандықтар камбэк жасай білді — 25:21, 25:23, 15:7. Қорытынды есеп — 3:2.

Осылайша, «Тұран» үздік үштікті түйіндесе, «Берел» биыл жүлдесіз қалды.

«Алматы» командасы «Қарағандыны» 3:0 есебімен ұтып, қорытынды есепте бесінші орынға көтерілді. Соңғы ойында «Астанадан» айласын асырған «Ақтөбе» клубы қарағандылықтарды ығыстырып, 6-сатыға көтерілді. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Жетісу» волейбол клубының оныншы рет Қазақстан чемпионы атанғанын жазған болатынбыз. 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью