Тұрақты жұмыс, алаңсыз зейнет

06.02.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Бүгінде елімізде 2 млн 491 мың зейнеткер бар. Былтыр оларға республикалық бюджеттен 4 трлн 225 млрд теңге сомасында зейнетақы төленген. Оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге 1 368,4 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге 2 856,6 млрд теңге жұмсалған.

Жиынтық зейнет­ақы­ның орташа мөлшері жыл қо­ры­­тындысында 143 143 теңгені құрады. Оның ішінде ынты­мақ­ты зейнетақы – 95 549 тең­ге, базалық зейнетақы – 47 594 теңге. Былтыр жыл басынан бе­рі базалық зейнетақы тө­ле­мі­нің мөлшері Ұлттық банк ай­қын­дайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 6,5%-ға, ынтымақты зейнетақы 8,5%-ға,­ яғни инфляция деңгейінен 2%-ға ұлғайды. Осыған қоса Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2023 жылдан бастап ­бес жыл ішінде ең төмен база­­лық зейнетақыны ең төмен күн­кө­ріс деңгейінің 70%-ына дейін, ең жоғары – 120%-ға дейін жыл сайын кезең-кезеңімен көтеру жолға қойылған. Осылайша, 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақының ең төмен мөл­шері ең төмен күнкөріс деңгейі­нің 65%-нан 70%-ға дейін ұл­ғайды. Бұл 32 360 теңгені құраса, оның ең жоғары мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінен, ­105-тен 110%-ға дейін артып, ­50 851 теңгені құрайды.

2018 жылы 1 шілдеден бері мемлекеттік базалық зейнет­ақы төлемі зейнетақы жүйесін­дегі өтілін ескере отырып, әр алу­шы­ға жеке тағайындалады. Бұл ретте 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ынтымақты жүйеде жұмыс істеген уақыты, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары төленген кезеңдер зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне қосылады. Егер азамат­тың зейнетақы жүйесіндегі өтілі 10 жыл немесе одан аз болса немесе мүлде жоқ болса база­лық зейнетақы ең төменгі күнкө­ріс деңгейінің 70%-на тең бол­са, содан кейін 10 жылдан асқан әр жыл үшін оның мөлшері 2%-ға артады. Егер еңбек өті­лі 20 жыл болса, базалық зей­нет­ақы төменгі күнкөріс деңге­йінің 90%-ын құрайды. Еңбек өтілі 30 жыл немесе одан көп бол­са, күнкөріс деңгейінің ең жо­ғарғы мөлшерінде, 110% болып белгіленеді. Яғни мін­детті зей­нетақы жарналары неғұрлым тұрақты, толық кө­лемде аудары­латын болса, зейнет жасына жеткенде база­лық зейнетақы төлемдерінің мөлшері соғұр­лым көп болады. Өз кезегінде азаматтың жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1998 жылғы 1 қаңтардағы жұмыс өтіліне (кем дегенде 6 ай қажет), зейнеткерлікке дейінгі кезеңдегі орташа айлық табысына байланысты болады.

2024 жылғы қаңтардан елі­мізде жұмыс берушінің мін­дет­ті зейнетақы жарналары ен­гізілгені белгілі. Осының аясында былтыр жұмыс берушілер 5 514 050 жұмысшының пай­дасына 760 млрд теңге сома­сы­на міндетті зейнетақы жар­наларын аударыпты. Бұл қадам жас буын­ды қолдауға бағытталған. Енді олардың зейнетақысы үш компоненттен: мемлекеттен ­ба­залық зейнетақы, бірың­ғай жи­нақтаушы зейнетақы қо­рына өз аударымдары есебінен тү­се­тін сома, жұмыс беруші­лер­дің жарналары есебінен шарт­ты-жинақтаушыдан құра­ла­ды. ­Айта кетерлігі, жұмыс беру­ші­нің міндетті зейнет­ақы жарналарын жұмыс беру­ші­лер 1975 жылғы 1 қаңтардан кейін туған азаматтарға ғана төлейді. 

Соңғы жаңалықтар

Банктер кәсіпкерлерге 20 трлн теңге несие берді

Банк • Бүгін, 13:00

Бірінші сынып оқушыларына қосымша қысқы демалыс беріледі

Мектеп • Бүгін, 12:55

Бүгін XXV қысқы Олимпиаданың салтанатты ашылу рәсімі өтеді

Спорт • Бүгін, 12:49

Қазақстан 60 маңызды минералдың 20-сын экспортқа шығаруға дайын

Қазақстан • Бүгін, 12:22

Түркістан облысында алып сәби дүниеге келді

Аймақтар • Бүгін, 12:15

Қазақстанның Азаматтық альянсы конституциялық реформаны қолдады

Ата заң • Бүгін, 12:06

Петропавлда бір ғана шағын ауданнан 15 наркограффити жойылды

Аймақтар • Бүгін, 11:58

Құлсарыда мектепке балтамен келген 10-сынып оқушысы қамауға алынды

Оқиға • Бүгін, 11:48

Халық тұтынатын көмір 9%-ға қымбаттады

Қоғам • Бүгін, 11:35

Бадам өзеніндегі балықтардың жаппай қырылуына не себеп болды?

Экология • Бүгін, 11:28

Жасанды интеллект отандық өнеркәсіпті қалай өзгертеді?

Жасанды интеллект • Бүгін, 11:18

Барлық сатылым үшін кешбэк: Қай банктер жомарттық танытады?

Қоғам • Бүгін, 11:08

Тауар өндірушілер тізіліміне өтінім қабылдау жалғасып жатыр

Digital • Бүгін, 10:59

Әлеуметтік зерттеу: Қазақстан халқының 85%-ы жаңа Конституция жобасын қолдады

Ата заң • Бүгін, 10:45

Банктер туралы жаңа заңға байланысты депозиттерге кепілдік беруде не өзгереді?

Банк • Бүгін, 10:32

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью