Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Алматы облысының Шелек ауылындағы су айдындарының бірінен Қызыл кітапқа енген сирек кездесетін қарабай құсы байқалды, деп хабарлайды Tengri Travel.
Алматы облысының Шелек ауылындағы су айдындарының бірінен Қызыл кітапқа енген сирек кездесетін қарабай құсы байқалды, деп хабарлайды Tengri Travel.
Не болды?Біздің WhatsApp нөмірімізге оқырман сирек құстың суретін жолдады. Оның айтуынша, ол бірнеше Қарабайды жергілікті су айдындарының бірінен көрген.
"Алматы облысында, Шелек ауылының маңында Қызыл кітапқа енген қарабай құсы байқалды. Бұған дейін бұл аймақта құстың бұл түрі кездеспеген еді. Сирек кездесетін құстар жергілікті су айдындарының бірінен табылды", - деді ауыл тұрғыны.
Айта кетейік, қарабай сирек кездесетін түр болып саналады және Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
Орнитолог не дейді?Біз орнитолог Виктория Ковшарьмен байланыстық. Оның айтуынша, суреттерде расымен де қарабай - ғылыми тілде жылтыр ибис (glossy ibis) деп те аталатын құс бейнеленген.
Неліктен Қарабайлар солтүстікке қарай ауа бастады?"Бұл - Қарабай. Қызыл кітапқа енген құс, ағылшынша оны glossy ibis, яғни жылтыр ибис деп атайды. Қарабай - өте қызықты, таза оңтүстік құсы. Жалпы ол Үндістан, Бирма және басқа да жылы елдерде көптеп кездеседі. Бізде, Қазақстанда, бұрын тек оңтүстік өңірлерде - Сырдария мен Солтүстік Каспий маңында ғана кездесетін", - деп түсіндірді маман.
Орнитологтың айтуынша, соңғы жылдары бұл құстың таралу аймағы айтарлықтай кеңейген. Егер бұрын Қарабай негізінен елдің оңтүстігін мекендесе, қазір оны солтүстік өңірлерден де көруге болады.
"Қазір ол солтүстікке қарай өте жылдам таралып жатыр. Оны тек Алматыға жақын орналасқан Шелек маңынан ғана емес, қазір Алматы мен Шелектен де солтүстікке қарай жатқан Іле өзенінің атырауында ұя салатын колониялары пайда болды. Тіпті, жылдар бойы мен оны Астана маңындағы Қорғалжын қорығынан да кездестіріп жүрмін, ал бұл айтарлықтай солтүстік нүкте. Сондықтан оның мұнда пайда болуы әбден қисынды", - деді орнитолог.
Маманның пікірінше, бұл кездейсоқ ұшып келу емес, құстың мекендеу ареалының біртіндеп өзгеруінің белгісі.
Қарабайлар әдетте қайда мекендейді?Орнитолог Қарабайлардың ірі су айдындарының жанына қоныстанғанды ұнататынын және қалың қамыстардың арасында топ-тобымен ұя салатынын атап өтті.
"Ұя салу үшін оларға адамдар мен басқа да қауіп-қатерлер жете алмайтын үлкен қамыс алқаптары қажет", - деп түсіндірді ол.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу