Тұрғын үй кезегіндегі түйткіл реттеліп келеді

16.04.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Бүгінде елімізде үкіметтік бағдарламалар арқылы үй алудан үмітті азаматтарды есепке алудың бірыңғай да ашық жүйесі құрылып жатыр. Алайда осы мәселеде мемлекеттің бас­ты операторы – «Отбасы банк» кейбір отандастарымызды тұрғын үй кезегіне қоюдан бас тартып отыр. Неге?

Коллажды жасаған – Амангелді Қияс, «ЕQ»

Осы сауалға жауап бермес бұрын 2025 жылғы 24 мамырдан бастап «Отбасы банк» ұлттық даму институты мәрте­бесіне ие болғандықтан, тұрғын үй кезегін орталықтандырылған жүйеге көшіре бастағанын еске сала кеткен жөн. Бұған дейін кезекте тұрған азаматтардың есе­бін әкімдіктер жүргізіп келген. Оның үстіне жетім балалардан бастап әскери қызмет­шілерге дейін, әртүрлі санат бойынша бірнеше, шашыраңқы тізімдер болған еді.

Қалай десек те, өткен жылдан бастап халықтың тұрғын үй мәселесін шешу мүмкіндігі арта түсті. Бұл әсіресе, жастар мен бұрын жеңілдетілген санаттар­ға кір­меген азаматтарға аса өзекті де тағдыршешті сипатқа ие шешімдердің арқасында жүзеге асып жатыр. Мемлекет ешқандай санатқа кірмей қалған отандастарымыздың сұранысын ескере отырып, «Тұрғын үй қаты­настары туралы» заңға өзгерістер енгізді. Енді кейінгі 5 жыл ішінде меншігінде жылжымайтын мүл­кі болмаған барлық кәмелетке толған тұрғындар, сондай-ақ жал­­ғыз баспанасы апатты деп та­ныл­ған азаматтар тұрғын үй ке­зе­гіне тұра алады.

Ендігі жерде халықты баспанамен қамтамасыз етуге бірін­ші кезекте жауапты оператор осы ретсіз тізімдердің барлы­ғын «Тұр­ғын үймен қамтамасыз ету орталығы» атты бірыңғай ақ­параттық жүйеге біріктіріп жатыр. Мұның артықшылығы неде десек, ол деректердің қай­та­ланылуына жол бермейді. Қа­те­ліктерді жойып, тұрғын үй кезегіне тұруға үмітті адамның үйі бар-жоғын жедел тексеруге, адамды араластырмай, кезекті қолмен басқаруды барынша азайтуға мүмкіндік береді.

Түгендеу нәтижесінен кейін кімдер кезектен шығарылды? Сонымен бұған дейін кезекте тұр­ғандардың тізімі «Отбасы банк» қарамағына өткеннен кейін, кезекті түгендеу басталды. Бұл – кезекте тұрған азаматтар ту­ралы мәліметтерді тексеру мен нақ­тылау рәсімі. Яғни кезекке тұр­ған адамның қазіргі мәр­те­бесі, отбасы құрамы, санаты, тұр­­ғын үйінің бар-жоғы түгел анық­­талады. Қазірге дейін 408 565 аза­мат инвентаризациядан өтсе, тағы 49 011 адамның дерегі тексеру кезеңінде тұр.

Инфографиканы жасаған – Зәуреш СМАҒҰЛ, «EQ»

Мұнан да бөлек, 74 005 аза­маттың кезегі барлық мән-жай анықталғанға дейін уақытша тоқтатылып, 16 537 азамат тұрғын үй кезегінен шығарылды. Оған қоса «Отбасы банк» 75 456 адамды кезекке қоюдан бас тартып отыр.

Мұның ең негізгі себептері­не тоқталатын болсақ, кезекте тұрған адамның немесе оның отбасы мүшелерінің атында үйінің болуы, яки отбасы мүшелері­нің бірінің тұрғын үй кезегінде тіркелуі.

Осы орайда оқырманда­ры­мызға тұрғын үй кезегіне «Отбасы банктің» порталы – orken.otbasybank.kz арқылы тіркелуге болатынын айта кетейік. Өйткені осындай мүмкіндік іске қосылған алғашқы айда сұраныстың күрт өсуі байқалды. Мысалы, 2025 жылғы мамырдың бірнеше күнінде ғана 176 664 адам кезекке тұрған. Келесі айда бұл көрсеткіш екі есе азайып, 81 317 адам болды. Кейінгі кезеңде өтініштер саны тұрақтана бастады. 2025 жылғы желтоқсанда жаңа кезекке тұрғандар саны 11 502 адам болды.

Жалпы, жаңа жүйе іске қо­сылғалы бері 407 479 азамат тұр­ғын үй кезегіне тұрды. Бастап­қы жоғары сұраныс бұрын есепке алынбаған қажеттілікпен байланысты болды. Қазір кезек басқарылатын әрі болжамды жүйеге көшті. Осылайша, банк бір жылға жетпейтін уақыт ішінде тұрғын үйге деген нақ­ты әрі толық сұраныс көлемін қалыптастырды.

Қазір тұрғын үй кезегінде 968 640 адам тұр. Оның шамамен 30%-ы немесе 306 632 адам тұрғын үй алуға бірінші кезектегі құқыққа ие. Бұл – тұрғын үй мәселесін өз бетінше шешуі қиын азаматтар санаты, сондықтан мемлекеттік қолдау шаралары дәл осы топқа бағытталған.

2025 жылғы қазаннан бастап жергілікті әкімдіктер «Отбасы банк» балансына 21 255 пәтер тапсырды. Оның ішінде 6 670 пәтер кезекте тұрған азаматтарға жалға берілді. 2 343 пәтер 2% және 5% мөлшерлемемен жеңіл­детілген несие арқылы сатып алу мақсатында рәсімделіп жатыр. Егер пәтер бөлу екі негізгі қағида бойынша жүзеге асырылатын болса, кезекке тұрған күні мен азаматтардың санатының басымдығы ескеріледі.

Бұл тәсіл өз тиімділігін көр­сетіп отыр. Айталық, банктің қолдауымен 1996 жылдан бері «жетім балалар» санатымен ке­зекте тұрған азамат баспаналы болды. Сондай-ақ 2005 жылдан бері (яғни 20 жылдан астам уақыт) күткен азаматтар да пәтер кілтін алды. Олардың қата­рында мүгедектігі бар адамдар, көпбалалы, толық емес отбасылар, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасылар бар.

Алғаш рет «жесірлер» санатымен кезекте тұрған 370 адам  баспаналы болды. Бұл санат өткен жылы ғана енгізілді. Бұған дейін жесірлер «толық емес отбасылар» санатында бол­ғандықтан, кезек ұзаққа созы­­латын. Енді өзгерістердің арқа­сында қолдау нақты әрі уақтылы көрсетіледі.

«Жетім балалар» санатында­ғылар да бұрынғыға қарағанда қазір барынша баспаналы болып жатыр, мұны 986 адамның қоныс тойымен айғақтауға болады. Бұл санат үшін заң жүзінде арнайы квота қарастырылған, яғни бөлінетін тұрғын үйдің кемінде 20%-ы жетім балалардың еншісінде. Бұл кезектің жылжуын жеделдетіп, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған азамат­тарға қолдау көрсетуге септесіп отыр.

Сонымен кейінгі жарты жылда 1 077 мүгедектігі бар адам, 1 242 көпбалалы отбасы, 1 580 толық емес отбасы, 1 056 мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасы баспаналы болды.

АЛМАТЫ 

Соңғы жаңалықтар

Бауырлас елмен байсалды байланыс

Саясат • Бүгін, 08:05

Ертіс ластанбасын деңіз...

Аймақтар • Бүгін, 08:00

Ұлттық рейтинг жүйесі құрылады

Саясат • Бүгін, 07:55

Ұзақмерзімді дамудың құқықтық негізі

Саясат • Бүгін, 07:50

Іргелі инфрақұрылыммен жан-жақты танысты

Саясат • Бүгін, 07:45

Астанада мектеп аумағында жанжалдасқандар жауапкершілікке тартылды

Заң мен Тәртіп • Кеше

Боксшы Нұрбек Оралбай жаңа салмақ дәрежесіне ауысты

Бокс • Кеше

«Қарағанды – Жезқазған» автожолын салу: Вашингтонда қаржыландыру туралы келісімге қол қойылды

Қазақстан • Кеше

Ұлттық Банк АҚШ Сауда палатасымен инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуді талқылады

Банк • Кеше

ШҚО-да «ALTAY BUSINESS» форумы өтті: Өңір экономикасының жаңа даму бағыттары айқындалды

Аймақтар • Кеше

Құқықтық қатынастар туралы конвенцияға өзгерістер енгізу туралы заңдарға қол қойылды

Президент • Кеше

Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Президентіне хат жолдады

Президент • Кеше

Таеквондодан әлем чемпионаты: Қазақ қызы топ жарды

Спорт • Кеше

Құс саңғырығынан «жасыл» энергия өндірілді

Шаруашылық • Кеше

Қазақстан Дүниежүзілік банкпен жаңа жобаларды іске асыруға ниетті

Үкімет • Кеше

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью