Тұрғын үй нарығында бағаның өсуіне алғышарттар көріп тұрған жоқпын Өнеркәсіп министрі

21.07.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев БЖЗҚ-дағы жеткілікті шектің көтерілуі Қазақстандағы жылжымайтын мүлік бағасына еш әсер етпегеніне сенімді, деп хабарлайды TengriHome тілшісі.

Поделиться

Қазақстанда БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарының артық бөлігін мерзімінен бұрын алу үшін жеткілікті шек көтерілді. Үкіметте өткен брифингте Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаевқа бұл жағдай тұрғын үй құнына қалай әсер етуі мүмкін деген сұрақ қойылды.

"Мен тұрғын үй нарығындағы бағаның өсуі немесе төмендеуіне қатысты нақты болжам жасамаймын. Бұл дұрыс болмас еді деп есептеймін. Бірақ қазір бұған ешқандай алғышарт көріп тұрған жоқпын", - деп жауап берді Ерсайын Нағаспаев.

Бұл ретте ол коммерциялық тұрғын үй бағасын мемлекет реттемейтінін айтып өтті.

"Ел бойынша коммерциялық тұрғын үйдің бір шаршы метрі орта есеппен 617 мың теңге тұрады. Ал коммерциялық баспанаға келетін болсақ, бұл сұраныс пен ұсыныс мәселесі. Бұған біз араласпаймыз", - деп атап өтті министр.

Бұл ретте, оның айтуынша, әлеуметтік тұрғын үй бағасы мемлекет бақылауында қалады.

"Біз әлеуметтік тұрғын үй бағасын бақылауда ұстап отырмыз және олар көтерілмейді. Әр облысқа шекті құны бойынша ірілендірілген көрсеткіштер жеткізілді", - деп түсіндірді Өнеркәсіп министрлігінің басшысы.

Сондай-ақ министр дәстүрлі түрде жаз мезгілінде тұрғын үйге сұраныс артатынын айтты.

"Жылдың алғашқы айларында тұрғын үй нарығындағы белсенділік төмендегенін байқасаңыздар, жазғы кезеңде дәстүрлі түрде сұраныстың артуы сипат алады", - деді ол.

Журналистердің БЖЗҚ жеткілікті шегінің көтерілуі нарыққа ешқандай әсер етпегенін білдіре ме деген нақтылаушы сұрағына Нағаспаев қысқаша: "Иә", - деп жауап берді.

Мән-жайы

Маусымда Қазақстанда 2026 жыл ішінде екінші рет зейнетақы жинақтарын пайдалану үшін ең төменгі жеткілікті шек көтерілді. Есептеу әдістемесі өзгергеннен кейін көптеген қазақстандыққа БЖЗҚ қаражатының бір бөлігін тұрғын үй сатып алуға мерзімінен бұрын пайдалану мүмкін болмай қалды.

Шекті деңгей көтерілгеннен кейін тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін зейнетақы жинақтарын пайдалануға берілген өтінім саны күрт азайды. Егер жаңа ереже күшіне енгенге дейінгі төрт күнде қазақстандықтар БЖЗҚ-дан 55 миллиард теңге шығарып алса, шекті деңгей көтерілгеннен кейін қор жеткілікті шек тетігі бойынша небәрі 52 өтінімді орындады.

Тағы оқыңыз:

Қазақстанда жылжымайтын мүлік нарығы баяулады, бірақ бұл дағдарыс емес. 2026 жылдың алғашқы жарты жылдығына талдау

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Жылжымайтын мүлік Баға Қазақстан баспана

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью