Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
АСТАНА, 9 ақпан – Sputnik. Черногориядан алаяқтық жасағаны үшін күдікті экстрадицияланды, деп хабарлады бас прокуратура.
Бас прокуратурасы аса ірі көлемде қаражат ұрлаған үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында аталған елден түрік азаматын экстрадициялады.
"Тергеу барысында аталған жеке тұлға құрылыс компаниясының басшысы бола отырып, 2022-2024 жылдар аралығында жалған келісімшарттар жасап және үлестес ұйымдар арқылы Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің құрылысына арналған 6 миллиард теңгеден астам қаражатты жымқырғаны анықталды", - деп жазылған хабарламада.
Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған.
2025 жылдың наурыз айындада ол Черногорияда ұсталып, бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды.
Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды.
Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.