Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Бюро мәліметтеріне қарағанда, қараша айымен салыстырғанда желтоқсанда мәмілелер саны 32,9% артқан, мәмілелер санының өсімі еліміздің барлық өңірінде байқалды. Ең жоғары өсім Маңғыстау (+69,2%), Павлодар (+66,3%) және Ақтөбе (+53,6%) облыстарында.
Көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй мәмілелер саны 31,9% (9 955 мәмілеге) өскен. 2025 жылдың желтоқсан айында пәтерлер бойынша барлығы 41 177 мәміле жасалды, бұл мәмілелердің жалпы санының 77,5%-ы. Бөлмелер саны бойынша 1 бөлмелі пәтерлер сатылымы басым болған, 2025 жылдың желтоқсан айында олар бойынша 15 323 мәміле ресімделген.
Жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер саны 36,6% (3 200 мәмілеге) өскен. Желтоқсанда барлығы 11 951 мәміле тіркелген. Жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер санының өсуі еліміздің Павлодар облысынан басқа барлық өңірде байқалды. Ең жоғары өсім Маңғыстау (+83,9%), Ақтөбе (+76,6%) және Батыс Қазақстан (+52,8%) облыстарында тіркелген.
Осыған дейін Қазақстанда 2026 жылы тұрғын үй бағасы қалай өзгереді деген тақырыпта мамандар пікірін білген едік.