Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Елде тұрғын үй алу-сату азайып, нарық біраз саябырсыды. Қаңтарда 27 745, ақпанда 27 421 ғана келісім жасалған. Бұл былтырғы деңгейден едәуір төмен, деп жазады Egemen.kz.
2025 жылы ай сайын шамамен 40 мыңға жуық үй сатылып келген еді. Тіпті ерекше жоғары болған желтоқсанды есептемегеннің өзінде, биылғы көрсеткіштер әлдеқайда төмен. Яғни халықтың үй алуға деген ықыласы азайып отыр.
Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, ақпанда 20 өңірдің тең жартысында сауда кеміген. Әсіресе Шымкентте (–28,3%), Жамбыл облысында (–15,8%), Қызылорда облысында (–12,9%) қатты төмендеген. Ал Абай облысында (+20,4%), Солтүстік Қазақстанда (+14,2%) және Алматыда (+10,4%) керісінше, қозғалыс жандана түскен.
Олжас Бектенов: Ауылдық жерлердегі тұрғын үй құрылысына көңіл бөлу керек
Сатылған үйлердің басым бөлігі – пәтерлер. Ақпанда 21 мыңнан астам пәтер өткен. Бұл қаңтармен салыстырғанда сәл аз. Жеке үйлер керісінше, аздап көбейген – 6 мыңнан аса келісім жасалған. Ең көп алынғаны – бір бөлмелі пәтерлер.
Былтырмен салыстырғанда да көрсеткіш төмен. Жалпы сауда көлемі 5,5 пайызға қысқарған. 20 өңірдің 14-інде төмендеу байқалса, ең көп азайғаны – Ұлытау облысы (–30,3%). Ал Атырау облысында ғана өсім бар.
Мамандар мұны жыл басындағы әдеттегі баяулықпен байланыстырады. Әдетте көктемге қарай халықтың қозғалысы көбейіп, үй алу-сату қайта жанданады.
Соңғы жаңалықтар
Петропавлда 37 жастағы азамат өзіне қол жұмсады
Оқиға • Бүгін, 12:33
Атырауда мектепте жарақат алған оқушы қыздың жағдайы белгілі болды
Аймақтар • Бүгін, 12:17
Ғалымдар онкологиялық аурулардың алдын алуға арналған қоспа әзірлеп жатыр
Медицина • Бүгін, 12:15
Наурыздағы ҰБТ: 117 талапкердің нәтижесі жойылды
Білім • Бүгін, 12:12
«Астана опера»: Өнер ордасы өрісін кеңейтті
Өнер • Бүгін, 12:07
Олимпиадаға дайындық барысын қолдау: Спортшыларға қомақты қаржы берілді
Спорт • Бүгін, 11:56
Елдегі ақылы жолдарда төлем мерзімдері өзгерді: Жүргізушілер нені ескеруі керек?
Қоғам • Бүгін, 11:42
Газ өлшеудегі заңбұзушылық: Қарағандыда станцияға айыппұл салынды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:35
Мереке қарсаңында отандық әуе компаниялар рейстер санын көбейтті
Мереке • Бүгін, 11:23
«Наурыз» бағдарламасына өтінім қабылдау уақытша тоқтатылады
Қоғам • Бүгін, 11:17
Шаңырақ шуағы: Су шаруашылығы саласына 160 жыл ғұмырын арнаған әулет еңбегі
Отбасы • Бүгін, 11:12
Ел азаматтарының 87,1 пайызы жаңа Конституцияны қолдады
Референдум • Бүгін, 11:10
Кубадағы дағдарыс: 3 ай бойы мұнайсыз қалған елде электр энергиясы толығымен өшті
Әлем • Бүгін, 10:59
Әкесі ұлына есірткі жасауды үйреткен: Ақмола облысында ірі зертхана жойылды
Оқиға • Бүгін, 10:43
Көктемнің лебі сезіледі: Оңтүстікте 20 градусқа дейін күн жылынады
Ауа райы • Бүгін, 10:28