Тұрғындар тұншығып, тексеріс тежеліп тұр

13.02.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Атырау ел экономикасының күре­та­мырына қан жүгірткен мұнайлы өлке болғанымен, өңірдегі экологиялық ахуал тұрғындардың бас ауруына айналғалы қашан. Жер қойнауынан табиғи байлық мол өндірілген са­йын, жұтқан ауаның жұпар еместігі – әзірге түйіні тарқамаған күрделі мәселе. Әсіресе, желсіз күндері қолқаны қабатын жағымсыз иіс қала халқын әбігерге салады.

Тұрғындар кейінгі кездері ауа сапасының күрт нашарлап, тыныс алудың қиын­да­ғанына жиі шағымданады. Мәселен, қала іргесіндегі «Сая» бау-бақша ұжымының тұрғындары күкірт­ке ұқсайтын өткір иістен зар­дап шегіп отыр. Тұрғын Әлия Қайырованың айтуынша, үй ішіне дейін кіретін сасық иістен терезе ашу мұңға айналған.

«Тыныс алу мүмкін емес. Қолқаны қабатын иістен жүрегі айнып, қан қысымы көтерілгендер жедел жәрдем шақыруға мәжбүр», дейді ол.

Бұқараның шағымына орай, өткен айдың соңында «Қазгидромет» РМК Атырау облыстық филиалының мамандары мен экологтер арнайы мониторинг жүргізді. Облыстық экология департаменті басшысының орынбасары Ерлан Есеновтің мәліметінше, тексеру нәтижесі көңіл көншітпейді. Бірқатар аумақта күкірт сутегі мен көміртек оксидінің мөлшері рұқсат етілген шекті концентрациядан бірне­ше есе асып түскен. Нақтырақ айтсақ, Кеңөзек ауылдық округіндегі Тасқала ауылының тұсында күкірт сутегінің мөлшері – 17,5, іргелес аумақтарда 15 есеге дейін жеткен. Ең сорақысы, «Химиктер» ауылында бұл көрсеткіш 36,3 есеге дейін артқаны тіркелді.

«Зерттеу жұмыстары қаладағы Мирный, Водник елді мекендерінде, «Тухлая балка» буландыру алаңында жүргізілді. Қазір барлық мәлімет сарап­­­талып жатыр. Алайда қолданыс­тағы Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес, біз Атырау мұнай өңдеу зауытына рұқсат құжатынсыз кенеттен тексеру жүргізе алмаймыз. Сол себепті жинақталған материалдар прокуратураға жолданды. Тексеру құқық қорғау органдары істі тіркегеннен кейін ғана басталады», деп түсіндірді Е.Есенов.

Күдікке ілінген «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-ның баспасөз қызметі зауыттың қалыпты режімде жұмыс істеп тұрғанын алға тартады. Олардың мәліметінше, қала тұрғындары көріп жүрген будақтаған түтін – зиянды қалдық емес, кәдімгі су буы. «Зауыттағы технологиялық үдеріс­терде жылу алмасу қағидаты қол­да­нылады. Су технологиялық пеш­терде қыздырылып, градирнялар арқылы салқындатылады. Қыс мез­гілінде ауа температурасы төмен­дегенде бу жерге жақын қабаттарда конден­сацияланып, шлейф түзеді. Бұл – жану өнімі емес, әлемдік тәжіри­беде бар құбылыс», деп хабарлады кәсіпорын өкілдері.

Сондай-ақ зауыт мамандары санитарлық-қорғау аймағында өз зертханалары арқылы ауа сынамасын алғанын, нәтижесінде күкіртті сутек мөлшері небәрі 0,00002 мг/м³ көрсеткенін, басқа зиянды қосылыс­тар­дың нормадан төмен болғанын жеткізді.

«Атырау мұнай өңдеу зауыты» серіктестігі Қоршаған ортаны қорғау бөлімінің жетекші инженері Мөлдір Борашева жағымсыз иістің шығу тегін анық­тауда желдің бағытын ескеру қажет екенін айтады.

«Мәселен, шағым түскен күні жел солтүстік-шығыстан, яғни зауытқа қарай соғып тұрды. Демек, ластаушы көз басқа жақта болуы мүмкін. Атырау аумағында бізден де өзге табиғат пайдаланушылар бар. Нақты «кінәліні» құзырлы органдар анықтауға тиіс. Біздің тарапымыздан шекті нормадан ауытқу тіркелген жоқ», дейді М.Борашева.

Әзірге мұнайлы өңірдің тұр­ғын­дарын алаңдатқан түйткілдің түйіні тарқамай тұр. Ауаны нақты қай кәсіпорын­ның ластағаны беймәлім. Жер­гілікті экологтер тек айыппұл салумен шектеледі. Ал айыппұл жұтар ауаны жұпар етер емес.

Атырау облысы 

Соңғы жаңалықтар

Көктайғақ, тұман, жел: Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Ауа райы • Бүгін, 09:47

Қаңтардағы ҰБТ: Тестілеу ережесін бұзған 120 адамның нәтижесі жойылды

Білім • Бүгін, 09:39

Ақша айырбастау орындарында доллар қаншадан саудаланып жатыр?

Қаржы • Бүгін, 09:20

Қысқы Олимпиада: Бүгін Михаил Шайдоров еркін бағдарламада өнер көрсетеді

Қысқы спорт • Бүгін, 09:06

Рухани дипломатияның маңызы арта түсті

Саясат • Бүгін, 09:00

Қызылша науқасына қатысты мәселе талқыланды

Саясат • Бүгін, 08:58

Халық пен салықтың есебін түгендеген жоба

Қоғам • Бүгін, 08:55

Жалпыұлттық коалиция құрылды

Саясат • Бүгін, 08:53

Жетісудың бал қымызы

Өндіріс • Бүгін, 08:50

Сенат халықаралық келісімдерді мақұлдады

Саясат • Бүгін, 08:48

Дрон жасаған инженерлер

Технология • Бүгін, 08:45

Орталық референдум комиссиясының ҮНДЕУІ

Референдум • Бүгін, 08:43

Экологиялық түйткілдің түйіні қашан тарқайды?

Экология • Бүгін, 08:40

Референдум өткізу жоспары бекітілді

Референдум • Бүгін, 08:38

Цифрлық емхананың онлайн кеңесі

Digital • Бүгін, 08:35

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью