Тұрғындардан 123 млн теңге ақша тартқан: Қостанайда құрылыс компаниясының басшысы сотталды

07.09.2026

Sputnik.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

АЛМАТЫ, 7 қыркүйек - Sputnik. Қостанайда ондаған отбасын баспанасыз қалдырған құрылыс компаниясының басшысы сотталды, деп хабарлайды облыстық прокуратура.
Құрылыс компаниясының директоры қаражат тартуға рұқсаты болмаса да, екі жарым жыл бойы азаматтармен пәтер сатып алу бойынша шарт жасаған.

"Құрылысты аяқтау мүмкін еместігін біліп тұрса да, азаматтардан ақша алуды жалғастырды. 2022 жылдың сәуірінен 2024 жылдың қарашасына дейін 123 миллион теңгеден астам қаражат тартылды, оны компания басшысы өз қалауы бойынша иеліктен шығарды. Салдарынан ондаған отбасы уәде етілген баспанасыз және инвестициясыз қалды", - дейді прокуратура.

Сот талқылауы барысында барлық жәбірленушілерге келтірілген шығын толық өтелді.
Сот үкімімен құрылыс компаниясының басшысына пробациялық бақылау орнатылып, шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар оған 5 жыл мерзімге құрылыс ұйымдарында басшылық қызметтерді атқаруға тыйым салынады.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью