Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
АСТАНА, 8 қазан – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов Қарағанды облысыныа жұмыс сапары аясында Балқаш жылу электр орталығына барды, деп хабарлады Үкімет.
2025 жылдың қорытындысы бойынша қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде станса апатты "қызыл аймақтан" шығарылды, биыл негізгі жабдықты жөндеу бойынша 3,2 млрд теңге сомасына барлық жоспарланған жұмыстар толық аяқталды.
"Олжас Бектенов тұрғындарды жылумен үздіксіз қамтамасыз ету әкімдіктің басым міндеті екенін айтты. 2025–2026 жылдардағы күзгі-қысқы жылу беру кезеңінде Балқаш ЖЭО-да II дәрежелі 17 ақау тіркелген. Өңірлік штабқа станцияның жұмысын тұрақты бақылауда ұстап, қаланы үздіксіз жылумен қамтамасыз ету тапсырылды", - деп жазылған хабарламада.
Қазіргі уақытта ЖЭО-да қуаттарды жаңғырту және кеңейту жөніндегі іс-шаралар кешені жүзеге асырылып жатыр. Жалпы құны 30,3 млрд теңге болатын №5 қазандық агрегатын салу жұмыстары жалғасып жатыр.
Үкімет хабарлауынша, бүгінде негізгі жабдықтарды монтаждау жұмыстары аяқталды.
"Қазандық цехының ғимараты, отын беру тракты салынып, заманауи газ тазарту жабдығын жобалау жұмыстары жүргізілуде. Жоба аяқталғаннан кейін станцияның бу өндіру қуаты сағатына 270 тоннаға артады. Келесі кезеңде жалпы құны 28,7 млрд теңге болатын жаңа №5 турбоагрегатты орнату көзделген", - дейді Үкіметте.
Оны іске қосу станцияның белгіленген электр қуатын 65 МВт-қа арттырып, жылу қуатын сағатына 55 Гкал-ға ұлғайтуға мүмкіндік береді. Жобаны 2028 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.